Аудан бойынша 16 сайлау учаскесі сайлаушыларды қабылдады
ДИКТОР: Бүгін еліміздің барлық өңірінде сайлау науқаны өтті. Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Егіндікөл ауданының тұрғындары мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысып, өздерінің азаматтық құқығын пайдаланды. Айта кетейік, Егінді көл ауданы бойынша бүгін 16 сайлау учаскесі сайлаушыларды қабылдады. Егіндікөл ауданы сайлаушыларының саны 3,5 мыңнан асады. Соның 14-і биыл алғаш рет дауыс берді. 18-ге енді толған буын үшін ұмытылмас сәт екені сөзсіз. Біз еліміздің өркендеуіне дауыс беру арқылы үлес қосуға келдік,-дейді олар. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері тұрғындардың белсенділігін ерекше атап өтті. Дауыс беру штаттық режимде өтті.
СНХ: ЖАРАС БАҚБЕРГЕН, ЕГІНДІКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Құрметті барша аудан тұрғындары мінекей біздің ауданымызда депутаттардың сайлауы өтіп жатыр. Бүгін көңіл күй тамаша, өйткені еліміздің болашағы үшін жасалып жатырған қадамдардың бірі. Бүгін мен өз таңдауымды жасадым. Біздің ауданымызда мінекей барлық сайлау комиссиялары өте жақсы деңгейде жұмыс жасап жатыр.