Негізгі Жаңалықтар Көкшетаулықтар тұрғылықты жеріне жақын учаскелерде дауыс берді

Көкшетаулықтар тұрғылықты жеріне жақын учаскелерде дауыс берді


ДИКТОР: Бүгін қала тұрғындары тұрғылықты мекен-жайларына жақын орналасқан сайлау учаскелеріне барып, дауыс берді. Сайлау учаскелерінде науқанның талапқа сай өтуі үшін барлық жағдай жасалды. 

РКС: Кешкі уақыт жақындағанымен, сайлау учаскелеріндегі жұмыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Күні бойы тұрғындардың бірқатары өз таңдауын жасап, дауыс беріп үлгерді. Алайда учаскелерге келіп жатқан азаматтардың легі соңғы минуттарға дейін толастаған жоқ. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері де дауыс беру уақыты аяқталғанша тұрғындарды қабылдады.  

СНХ: МӘРИЯМ НҰРАХМЕТОВА, №26 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Барлық көлемде орындалады. Сайлаушылар тізімі жасалып нақтыланды. Бюллетеньдер белгіленген тәртіппен берілуде. Комиссия мүшелері барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Учаскеде 1868 сайлаушы тіркелген. Олардың ішінде алғашқы рет дауыс берушілер 24. Мүмкіндігі шектеулі 11 сайлаушы.

СНХ: БОТАГӨЗ ҚҰСАҚАЕВА, №27 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бізде 2651 сайлаушымыз бар. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 20 адам тіркелген. Оның ішінде үйде дауыс беруге екі кісі өтініш берген. Жас сайлаушылар, бірінші рет дауыс беретін сайлаушылардың саны он төрт. Оның жартысынан көбі дауысын беріп кетті. Әр азамат өз позициясын белсінді түрде көрсетіп, осындай сайлауға қатысып, қаламыз бен облысымыздың өмірін жақсартат деген ойдамын.

РКС: Сайлау науқанының ашықтығы мен заң талаптарына сай өтуін байқаушылар да жіті қадағалады.

СНХ: РИЗАГҮЛ ГАЛАДИЙ, БАЙҚАУШЫ: Айрықша атап өткім келетіні – әр азаматтың өз конституциялық құқығын пайдаланып, сайлау процесіне қатысуы маңызды. Бүгін бақылаушы ретінде сайлау барысын қадағалап отырмын. Учаскелердің жұмысымен таныстым. Барлығы белгіленген регламентке сай, алдын ала жарияланған тәртіп пен талаптарға сәйкес өтіп жатыр.

РКС: Бірі отбасымен келсе, енді бірі жұмыстан кейін дауыс беруге уақыт тауып, азаматтық таңдауын жасауға асықты. Олардың қатарында зейнеткер Бибігүл Омарова да бар. Ақ жаулықты әже сайлау учаскесіне жақын орналасқан Жабаев көшесінде тұрады. 

СНХ: БИБІГҮЛ ОМАРОВА, ДАУЫС БЕРУШІ: Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс бердім.+скл+Жаңадан келген депутаттар жақсы ниетпен қызмет етеді ойлаймын. Еліміздің болашағы үшін, облысымыздың болашағы үшін, қаламыздың көркеюі үшін жұмыс істейді деп ойлаймын, қызмет істейді деп сенімдімін соған.

РКС: Айта кетейік, №26 сайлау учаскесі Шоқан Уәлиханов, Міржақып Дулатұлы, Ғалым Елемесов пен Тарас Шевченко көшелерінің тұрғындарына қызмет көрсетті. Ал №27 учаскеге Жамбыл Жабаев, Оразбек Қуанышев, Алтынсарин мен Пушкин көшелеріндегі тұрғындар бекітілген болатын.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу