Сайлаудың ашықтығын 1500-ге жуық байқаушы қадағалады
ДИКТОР: Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, Мәслихаттар депутаттығына төрт саяси партия - «Әділет», «Ақ жол», «Республика» және «Ауыл» партиялары қатысты. Мандаттардың қалған бөлігі бірмандатты округтер бойынша жасақталады. Атап айтқанда, 41 депутат Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалаларынан, тағы 192-сі облыстың 17 ауданынан сайлануы тиіс. Ал сайлау барысының ашықтығы мен заң талаптарының сақталуын 1500-ге жуық байқаушы бақылады.
СНХ: МАНАРБЕК СӘДУОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл сайлау науқаны бізде 1021 сайлау комиссиялары қатысуда. Ол учаскелік, аумақтық, округтік комиссиялар қатысып отыр. Барлығы 5737 адам қатысып отырмыз. Енді қарап отырсақ, бізде ең негізгі мәселе – ол сайлаудың таза, заң шеңберінде өтуі, ашық өтуі. Соны қамтамасыз ету үшін бізде 1500-ге дейін байқаушылар сайлау процесін байқап отыр. Және мына кандидаттардың өздерінің сенім білдірген адамдары бар. Және бұқаралық ақпарат құралдары. Бұл сайлаудың ашық және заңды өтіп жатқанын көрсетеді.