ДИКТОР: Көкшетауда "Аmanat" партиясы облыстық филиалының жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Онда техникалық, кәсіптік және орта арнаулы білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру мәселесі талқыланды.

РКС: Биыл аймақтағы колледждерде 97 мамандық және 165 біліктілік бойынша мамандар даярлануда. 13 мың адам қолданбалы бакалавритатта білім алып жатыр. Биыл колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысын 5700 орынға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Кадрларды даярлау сапасын арттыру аясында бизнес пен өңірлік экономиканың қажеттіліктеріне бағытталған жаңа мамандықтарды лицензиялау жұмыстары жүргізілуде.

СНХ: НӘЖМИДЕН НҰРАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бұл білім беру бағдарламаның ауқымын кеңейтуімен қатар тәжірибеге бағытталған оқытудың, оның ішінде дуалды оқыту арқылы күшейтуге мүмкіндік береді. Осы бағытта қазіргі заманғы стандарттармен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес 411 жаңа оқу бағдарламасы әзірленді. Сонымен қатар бекітілген жол картасына сәйкес колледждердің бейімдеу және кластерлеу жұмыстары жалғасуда.

РКС: Мамандарды даярлаудағы талпынысқа қарамастан, аймақта әсіресе техникалық мамандықтардың білікті жұмысшылары жетіспейді. Бұл ең алдымен осы бағыт бойынша білім алып жатқан студенттер санының аздығына және практикалық оқыту мүмкіндігінің шектеулігіне байланысты болып отыр.

СНХ: АҚНҰР ЕСЛЯМОВА, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бәріміз бірігіп, өңірлік кластер құруымыз керек. Ол 2025-2027-ші ждылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім берудің трансформациясы жөніндегі жол картасында көрсетілген. Былтыр біз бұл кластерді құрдық. Онда Ақмола облысының аумағындағы мектеп, колледж, кәсіпорындары мен жоғары оқу орындары кадрларды даярлауда, кәсіби траекторияны құруға жаңа әдістерді өткізеді.

РКС: Қазір облыс бойынша 6 мыңдай студент жұмыс мамандығын игеріп жатыр. Бірақ, қолына диплом алған маманның бәрі бірдей өз кәсібі бойынша жұмыс істеуге құлықсыз. Мәселе осыда,-деді жиынға қатысушылар.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ