ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы жоғары колледжінің студенттері спорт майталманы, журналистика ардагері Қалымбек Мұхамеджановпен кездесті. Жасөспірімдердің журналистика саласымен қатар спортқа деген қызығушылығын арттырып, жастарға бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған кеште болып қайтқан тілшіміз Тоғжан Байменова баяндайды.

РКС: Кездесу барысында Қалымбек Әрнашұлы кезінде өзі қатысқан спорттық жарыстармен қатар телевизия саласындағы авторлық бағдарламаларынан үзінділер көрсетті. Шараға жиналғандар спорт ардагеріне түрлі сауал қойып, әсерлі диалог орнады.

СНХ: ТОҚАТ ТІЛЕУБЕРДИН, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Журналистика және спорт саласыныңмаманы болғандықтан студенттермен кездесу ұйымдастырып отырмыз. Бұл кісінің спорт саласындағы, журналистикадағы еңбектері біздің студенттерге үлгі-өнеге деп ойлаймыз. Келешекте біздің студенттерде тек қана спорт маманы ғана болмай, осы кісінің ізін басады деген үміттеміз.Сондықтан, бұл бәрімізге ортақ мереке, осындай меркеге біздің де жастарымыз жетсін деп тілейміз.

РКС: «Жас буынға тілейтінім, біріншіден жеңімпаз болу үшін еліңді, жеріңді, көк байрағыңды сүйіп, патриот болу керек. Сонда ғана биік белестерді бағындыруға болады. Екіншіден, ерінбей еңбек ету керек. Сол кезде жеңіс те болады»,-деп ақыл-кеңесімен бөлісті кездесудің кейіпкері. Спорт – мықтылардың алаңы. Жалқаулық пен енжарлықты жақтырмайтын, ерік-жігерді қажет ететін бірден-бір сала. Журналистикада да дәл солай. Мен үшін спорт пен журналистика егіз ұғым сияқты, -дейді 70-тің белесіне шыққалы отырған ардагер.

СНХ: ӘДІЛЕТ ҚАЙЫРКЕН, ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕМЕС ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖОҒАРЫ СПОРТТЫҚ ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі кеш Қалымбек ағамызға арналады. Ш.Уалиханов атындағы колледжің студенттері қатысып отыр. Ол дене шынықтыру және спорт, журналистика, педагогика мамандықтары. Бүгінгі кешімізде студенттер ағамыздың бойындағы қасиеттерін өздеріне үлгі ретінде алады.

РКС: Ардагер спортшы, телевизия саласының үздігі қолы қалт еткенде өлең де жазады. Бірнеше жыл бұрын жазғандарын шағын кітап етіп жарыққа шығарды. Кездесу соңында Қалымбек Әрнашұлы студенттерге кітабын сыйлап, естелік суретке түсті.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ