ДИКТОР: «Киелі кимешек». Дәл осындай атаумен Көкшетауда ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын фестиваль-байқау өтпекші. Қазір осы шараға дайындық қыза түскен. Көкшетау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі қолөнершілер мен облыстық аналар кеңесі мүшелерінің басын қосып, 1 мыңға тарта кимешек тігуді қолға алды. Ұлттық мұраны жаңғыртуға бағытталған шара жыл басы Наурыз мерекесіне орайластырылып отыр.

ИНТЕРШУМ: ҰЛЖАЛҒАС ҚАРЫМСАҚОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Кимешек – бүкіл ата-бабамыздан келе жатқан бас киім болып есептеледі. Мұның қадір қасиеті өте құнды. Бұрынғы кезде кимешектің қадір қасиеттілігі сонша, екі ел жауласып жатқанда бастағы бас киімді екі жаудың ортасына тастаған кезде бүкіл жауласып жатқан ел тоқтаған.

РКС: Ұлжалғас Қарымсақованың жасы 70-ке таяп қалған. Ол ұлттық өнерді ұмыт қалдырмай, жастарға үйретіп кетсем,-дейді. Ісмер кимешектің эскизін өзі сызып, келушілерге түсіндіруден жалықпайды. Фестиваль шартына сәйкес, қатысушы өз қолымен тіккен кимешектің бес түрін ұсынуы керек.

СНХ: АЙНҰР ЖАХИНА, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Міне,бүгін өздеріңіз көріп отырғандай, Көкшетау қаласында ең бірінші киелі кемешек тігуден шеберлік сағаттары өтіп жатыр. Aлдағы уақытта 22-наурызда, киелі кемешектің ұлттық құндылығын дәріптеу үшін әсіресе, жастарымызға үлгі көрсету үшін, үлкен іс-шара атқарғалы отырмыз. Бұл шеруге мыңнан аса аналар қатысады деген үміттеміз. Негізі бұл шерудің басты мақсаты жоғалып бара жатқан салт-дәстүрімізді, әрі қарай жалғастыру жастарға дәріптеу. Сол себепті шеруге өздеріңізді шақырамыз.

РКС: Тігін мәшинесін қолданып отырғандардың бәрі ісмер емес. Олардың мақсаты - Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосу. Жас ерекшеліктеріне қарамастан, бір-бірімен әзілдері жарасып, кимешектің алғашқы нұсқасын әзірлеп те үлгерді.

СНХ: БАҚЫТЖАН АЙДОСОВА, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Алғашқы жұмыстарымыздың бірі мінекей, киелі кемешектің өзі және күндігі менің қолымда, бұл алғашқы кемешектің бірі. Әлі біз мыңға тарта кемешек әзірлейміз, соған уақыт бар. Cондықтан белсенділік танытып, осы ұлттық нақыштағы дүниеге өзіміздің қол ұшымызды береміз. Кемешекті тігуге, бізде үлесімізді қосамыз деген әйел адамдардың барлығын осы іске бірлесе, жұмыла кірісуге шақырамыз.

РКС: Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар да ерекше. Кимешектің тігілуіне, матаның сапасына мән беріледі. Шығармашылық тұрғыдан жаңа, тың идеялар ұсынуы қажет. Кимешектің эстетикалық үйлесімділігі де ескеріледі. Фестивальдің негізгі идеясы – өскелең ұрпаққа қазақ әйелдерінің дәстүрлі киімі – кимешектің шығу тарихын, түрлері мен ерекшеліктерін насихаттау.

СНХ: КЕНЖЕБАЙ СМАҒҰЛ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Кимешектің түріне келсек, бізде кимешек 3 түрлі болады. Мысалы алғаш келін түседі.Келін түскен кездегіні желек деп айтады. Ол желек дегеніміз – айналдыра басын әшекейлеп артына үлкен матаны жапсырып бетін көрсетпейді. Бала емізген кезде баланы шылауыштың астына қойып емізеді. Екінші - әйел босанғаннан кейін, ана атанғаннан кейін басындағы үлкен желекті алып тастап кимешек киетін болған. Ал енді менің киіп тұрғаным бұл кестелеген керей кимешек. Артында тұрған үлкен бұл - шылауыш деп аталады. Шылауыш қандай да бір жағдайда байлай салуға, орай салуға пайдалануға берілген дүние.

РКС: Деректерге сүйенсек, елімізде кимешектің 16 түрі кең таралған. Қазір соның 12-сі мемлекеттік орталық музей қорында сақтаулы. Бас киім әр өңірде әр түрлі киілген. Қолөнершілер оны заманға сай жаңғыртуды көздеп отыр. Фестиваль-байқау жұмыстарының таныстырылымы 22 наурызда өтеді. Одан соң ақ жаулықты аналар Наурыз мейрамына арналған «Киелі кимешек» мерекелік шеруіне қатысады.

ИНТЕРШУМ:

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ