ДИКТОР: Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды. Оның басты мақсаты өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының жаңа бағыттарын айқындау. Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 4 секцияның отырысы өтті. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

РКС: Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы құрылған Ұлттық құрылтай қоғамды біріктіріп, бірлікті нығайтатын маңызды алаңға айналды. Басқосудың алғашқы күнінде «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер және руханият», «Білім және Ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму» секциялары қамтылды. Талқылау алаңында құрылтай мүшелері үкіметтік емес ұйымдар туралы заң қабылдау қажеттігі, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру жолдарына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

СНХ: ЗҰЛФҰХАР ҒАЙЫПОВ, МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ИНСТИТУНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ МҮШЕСІ: Азаматтық қоғамды дамыту президенттің қойған үлкен тапсырмасы. Осы алаңда азаматтық қоғамды қалай дамытамыз? Осы туралы үлкен әңгімелер болды. Жақсы ойлар айтты. Азаматтық қоғам дамыту үшін әртүрлі пікірлер айтты. Соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар туралы заң қабылдау керек. Өйткені бұл да бір азаматтық сектордің үлкен бір алаң болып табылады. Одан бөлек әлі де болса, балалар құқығын қорғау мәселесі көтерілді. Бұдан бөлек біздің секциямызда көтерілген үлкен мәселе биылғы жылы президентіміз жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған сәйкес жұмысшы мамандықтардың престижін, абыройын қалай көтереміз? Осы бағытта да үлкен ойлар айтылды. Бүгінгі секцияның отырысы мазмұнды, сапалы өтті деп айтуға болады. Қатысқан әрбір спикер өз ойларын ашық және еркін білдірді.

РКС: «Мәдениет. Өнер және руханият» секциясында Парламент мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин қазақ тілінің мәртебесін көтеру, отбасы құндылықтарын нығайту, ұлттық дәстүрлерді қорғау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі уақытта белең алып келетін тағы бір өзекті мәселе – кибералаяқтықпен күрес.

СНХ: ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ: Тағы бір мәселе, интернетті пайдаланып, алаяқтық көбейіп кетті. Өзінің үй алуға, немесе тойына жинақтап қойған ақшасынан айырылып жатыр. Заңдылық сауаттылық жағынан, қаржылық сауаттылық жағынан төмен адамдар алданып қалып жатыр. Осыған мемлекет тарапынан және құқық қорғау органдар тарапынан дұрыс тосқау қойылу керек. Себебі алаяқтар заманауи технология пайдаланады, өте креативті. Виртуалды кеңестікте ұйымшылдықпен түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып жұмыс жасап отыр. Көбі сыртқы мемлекеттерден бізге шабуыл жасап жатыр.

РКС: Айта, кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысына қатысады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ