ДИКТОР: Целиноград ауданы бойынша 27 елді мекенді су басу қаупі бар. Өткен жылдың күзінен бері аталған ауылдарды инженерлік қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс қыза түскен.

РКС:14 елді мекенде 28 мың метрге жуық қолданыстағы инженерлік құрылыстарды нығайту жұмыстары жүргізілді. Өтеміс, Қоянды, Софиевка, Арайлы, Рахымжан Қошқарбаев және Преображенка ауылдарында су өткізу құбырлары орнатылды.

СНХ: СӘКЕН СҮЛЕЙМЕНОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 5 елді мекенде жалпы ұзындығы 5050 метр болатын арықтар қазу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 200 метрі бетон науалармен салынды. 2 елді мекенде автоcброс жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілді. Жалғызқұдық ауылында ұзындығы 100 м болатын «Красная» су бөгетінің гидротехникалық құрылымы қалпына келтірілді.Родина ауылына кіреберіс автожолдың 120 метрлік бөлігі қалпына келтірілді. Инженерлік қорғау жоспарына кірмейтін қосымша жұмыстар аясында Қоянды ауылында 11 км ұзындықта су бұру арықтары қазылып, барлығы 7 мың м болатын қолданыстағы арықтар тазартылды.

РКС: Аудандық бюджеттен төтенше жағдайлардың алдын алуға 34 млн теңге, сондай-ақ шұғыл шығындар үшін 106 млн.теңге резерв бөлінді. Жолдарды күтіп ұстауға, сонымен бірге елді мекендерден қар шығару жұмыстарына 516 млн теңге бағытталды. Күні бүгінге дейін 305 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстарға 125 техника жұмылдырылған.

СНХ: СӘКЕН СҮЛЕЙМЕНОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 5 мың тонна инертті материал дайындалып, 68,4 тонна жанар-жағармай сатып алынды. Сонымен қатар, 30 мың дана қап, 15 орам целлофан, 1300 м қысымды жең, 15 мотопомпа дайындалды. Жоспар бойынша 3 млн теңгеге бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілмек. Су тасқынын азайту мақсатында дренаждық-арық жүйелерін тазарту және елді мекендер маңындағы алқаптарды «қаралау» шаралары басталды.

РКС: Қазір 11 су өткізу құбыры тазартылып, 12 шақырым арық аршылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Су тасқыны бола қалған жағдайда халықты эвакуациялау үшін 8 қабылдау пункті, ал үй жануарларын көшіру үшін 11 арнайы орын белгіленді. Жедел әрекет ету жасағы да дайын. Оған төтенше жағдай қызметі жеке құрамының 51 қызметкері, 60-тан астам коммуналдық техника 20 мотопомпа жұмылдырылмақ. Жергілікті атқарушы органның өкілі су тасқынының алдын алуға дайындық жоспарлы жүріп жатқанын жеткізді. Барлық шара су тасқынының ықтимал кезеңіндегі тәуекелдерді азайтуға және халықты қорғауға бағытталған.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ