ДИКТОР: Соңғы жылдары отандық ғылым саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекет тек сөз жүзінде ғана емес, нақты қаржылай қолдау көрсету арқылы ғылымды дамытуды басты бағыттардың біріне айналдырды. Осы мақсатта бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын артып келеді. Былтыр отандық ғылым саласын дамытуға 195 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінсе, биыл оның көлемі 250 млрд теңгеге дейін жеткізілмек.

РКС: Жас ғалымдарды қолдау үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – 2022 жылы ашылған «Жас ғалым» гранты. Бұл гранттың арқасында көптеген жас зерттеушілер өздерінің бірегей ғылыми жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, 40 жасқа дейінгі ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру, жалпы ғылыми гранттар және нысаналы қаржыландыру бағдарламалары да бар.

СНХ: БАУЫРЖАН ЕСЕНЖОЛОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ «ЖАС ҒАЛЫМДАР» КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ол 3 млрд теңгеге дейін бөлінеді зертеулерге. Осы зерттеуер бойынша біздің университетімізде көптеген зерттеулер бар. Биылғы күннің өзінде біздің университетте осы «Жас ғалым» байқауына 9 үміткер өтінім берген. Соның 5-еуі жеңімпаз болды. Университетте де ғылыми жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Биылғы жылы бідің университет ішіндегі ғылыми зерттеулерге 100 млн теңгедей ақша бөлініп отыр. Соның ішінде біз үлкен топ құрып, осы климаттың өзгеруіне байланысты бір жылдық 30 млн теңгенің көлемінде зерттеу жұмысын жеңіп алдық. Қазір сонымен айналысып жатырмыз.

РКС: Ғылымды дамыту үшін мемлекет жас ғалымдарға тек зерттеу жүргізуге ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуге де қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, «Отбасы банкі» арқылы жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша еліміз бойынша 240 жас ғалым баспаналы болды. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы бойынша 500 ғалым әлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар. АҚШ, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдерде бір жыл бойы тәжірибе жинақтаған мамандар бүгінде өз білімін Қазақстанда шыңдап келеді.

СНХ: БАУЫРЖАН ЕСЕНЖОЛОВ, «ЖАС ҒАЛЫМДАР» КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жыл сайын докторантураға берілетін грант саны да артып келеді. Грантқа докторантураға да түсушілердің саны артып келеді. Стипендия да жыл сайын артып келеді. Қазір ол 240 мың көлемінде болса, 2-3 жылда ол 450-500 мың теңге көлеміне дейін артады. Яғни ғылымға мемлекет тарапынан өте көп көңіл бөлініп отыр. Барлық жағынан.

РКС: Қазіргі уақытта ғылым саласын дамыту – ел дамуының басты бағытының бірі. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау шаралары ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер ашып, отандық ғылымның болашағына жол салып отыр. Отандық ғылымды дамытуға 2025-2026 жылдары қаржы көлемін 509,2 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ