ДИКТОР: Қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, самбодан КСРО спорт шебері Қанат Ахметұлы осыдан 25 жыл бұрын Степногорск қаласындағы қаңырап бос қалған ғимаратты қайта жаңартып, спорттағы дарынды балаларға арналған «Бөгенбай батыр» атындағы спорт интернатты ауыл- аймақ балаларының игілігіне жаратты.
РКС: Қанат Ахметұлы барлық күш-жігерін, білімі мен абырой-беделін салып, өзі ашып берген спорт интернат колледжінде бүгінгі таңда 200-ге жуық ұл-қыздар сапалы білім алып,спорттың бес түрімен тұрақты айналысады. Лондон олимпиадасында күміс медальға қол жеткізген Ирина Некрасовада осы интернаттың шәкірті.
СНХ: ИРИНА НЕКРАСОВА, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ: Спорт интернаты менің туған үйімдей болып кетті. Ауыр атлетикамен алғашқы айналысқан кезімде сол кездегі спорт басқарамасының жетекшісі маған көп қамқорлық көрсетті. Қандай да болмасын жарыстарға жіберіп тұрды. Олимпиада да күміс медаль алуым Қанат Ахметұлының арқасы деп санаймын. Осынау тұлғаның ғұмыры ұзақ болсын деп тілеймін!
РКС: Қазақстан экономикасының әлсіреп тұрған кезінде сайын дала төскейіндегі Степногорск қаласында спорт интернатын салу оңайға түскен жоқ. Оның санаулы айларда бой көтеруіне іскер басшы Қанат Ахметұлының еңбегі зор дейді онымен қоян-қолтық жұмыс істеген адамдар.
СНХ: ҚАЙРАТ ҚАРИЕВ, МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІ: Қанат Ахметұлының бақылауымен іскерлігінің арқасында спорт мектеп-интернаты салынды. Бүгінгі таңда ол болашақ олимпиадашылардың орталығына айналды. Біздің ізімізді кейіңгі директорлар мен ұстаздар, бапкерлер жалғастырып жүр. Соған қуанамын.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қанат Ахметұлы спорт интернат колледжінің педагогтары, бапкерлері және шәкірттерімен емен жарқын әңгіме өткізді. Ол спорт және білім ошағының қазіргі таңда әлемге танымал спорт тарландарының тәрбиеленіп жатқанына қуанышты екендігін жеткізді. Жанына спортты серік еткен өрендердің сұрақтарына тұщымды жауап қайтарды.
СНХ: ӘУЕЛБЕК БӘЙКЕНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Менде осы ұжымда біраз жылдар жұмыс істедім.Қанат Ахметұлының іскерлік қасиеті жайлы әсерлі әңгімелерді жиі еститінмін. Соңғы жылдары ағамызбен жарыстарда жиі кездесіп, ақыл-кеңес алып жүрмін. Алда келе жатқан 80 жылдық мерейтойы құтты болсын!
РКС: Соноу бір қиын кезде спортшы балаларды жинап алаңсыз жаттығу жасап толық мемлекет қамқорлығына алғызған Қанат Ахметұлы алғысқа лайық жан.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ