ДИКТОР: Көкшетау техникалық мектеп-лицейінде қалалық пікірсайыс турнирінің финалы өтті. Оған ақпан айында өткен аймақтық сайыста жүлделі орындарға ие болған 8 құрама қатысты. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Облыстық кезең сәуір айында өткізілмек. Қалалық турнирде жеңіске жеткен құрама облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы өткізетін облыстық пікірсайыс турниріне жолдама алады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЖҰЛДЫЗБЕК НҰРМАҚАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ПІКІРСАЙЫС ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Қала бойынша үнемі түрлі турнир өткіземіз. Былтыр 400-ден астам оқушының қатысуымен 16 іс-шара өткізілді. Оқушыларымыз үнемі облыстық турнирлерге қатысады. Облыстық пікірсайыстан кейн республикалық кезеңге өтеді. Өздерін республикада пікірсайысшы ретінде көрсетуге мүмкіндік алады. Осы ойындарда 9 төреші қазылық етті. Ең алдымен төреші әділ болуы керек. Ойын барысында дәлелдеудің қалай өтетініне басты назар аударылады. Командалар өз ұстанымдарын қаншалықты дәлелдей алғаны - пікірталастың ең маңыздысы.

РКС: Пікірсайыс турнирі орыс және қазақ лигасын қамтиды. Әр лигада 3 қатысушы бар 4 құрама қатысып отыр. Сайыс барысында 3 іріктеу ойыны өткізілді. Жүлделі орын алуға жоғары спикерлік ұпай алған құрамалар қатысуда.

СНХ: ТИМУР АШИРОВ, ДЕБАТ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСУШЫ: Дайындық жақсы өтті. Мектепке келіп, тақырыптарды дайындадық. Әр тақырып бөлек талқыланды. Бүкіл командамен бірге дайындалдық. Тақырыптарды дайындауға команданың барлық мүшелері қатысады. Бүгінгі қарсыластар өте мықты. Оларға үлкен құрмет білдіреміз. Бүгінгі соңғы қалалық турнирге қатысқандардың барлығы қаланың ең жақсы пікірсайысшылары.

СНХ: МЕРЕЙ СӘЛІМОВА, ДЕБАТ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСУШЫ: Дебатқа дайындалғанда біздің қарарлар бірнеше күн алдында жіберіледі. Бірнеше күн ішінде біз бірге жиналып, қарарларды талқылаймыз. Мұғалімдердің, өзіміздің, ата-анамыздың, жақын адамдардың үмітін ақтағымыз келеді. Дебатта 8-ші сыныптан бері ойнап жүрмін. Тәжірибем бар. Бәріне сәттілік тілеймін!

РКС: Қазақ лигасында Мәлік Ғабдуллин атындағы көпсалалы №3 мектеп-гимназиясының құрамасы 1-ші орынды иеленсе, орыс лигасында «Авангард» техникалық мектеп-лицейінің құрамасы жеңіске жетті. Әр командадан үздік шыққан Тимур Аширов, Альбина Дзариева, Әмірхан Қожанов, Мерей Сәлімова, Нұрай Қабдрашит пен Гауһар Қуанышбек енді облыстық кезеңде бақ сынайды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.