ДИКТОР: Облыстық орыс драма театрында «Сын» спектаклінің премьерасы өтті. Қоюшы-режиссер-Армениядан келген Ереван халықаралық Шекспир театр фестивалінің директоры Каро Балян.

РКС: «Сын» - Флориан Зеллердің 2018 жылы жазылған пьесасы. Ол автордың «Отец» және «Мать» пьесаларын қамтитын драмалық трилогиясының соңғы шығармасы. Ол отбасылық қатынастардың, ата-аналардың жауапкершілігі мен жасөспірімдердің психологиялық жағдайының өзекті мәселелерін сипаттайды.

СНХ: КАРО БАЛЯН, ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕР: Театрдағы актерлермен дайындық бір айға созылды. Бірақ мен пьеса бойынша тағы 2-3 ай жұмыс істедім. Яғни, ол қалай өтетінін талдадым. Арменияда сценограф Каридин Евангулянмен сценография бойынша жұмыс істедік, ал онлайн режимінде костюм суреткерімен жұмыс жасадық. Міне, бұл спектакльде жұмыс істеген біздің негізгі топ болды.

СНХ: ЕЛИЗАВЕТА ПИСКУНОВА, КОСТЮМДЕРДІҢ СУРЕТКЕРІ: Мен үшін бұл Қазақстандағы алғашқы жұмыс тәжірибем және мен өте қуаныштымын. Бұл мен үшін күтпеген шақыру болды. Жалпы, біз көрерменді психикалық аурухана атмосферасына және басым сұр реңктерге батырамыз. Өйткені бұл эмоциялардың сұрлығы, ештеңе сезбейтін кезде бұлыңғыр күй және әлі де өте жоғары шеттер. Спектакльдегі екпін түсі қызыл. Мен үшін ол жүрекке қандай да бір инъекция сияқты, психикалық жара. Міне, осындай рухани сәттер. Эскиздерді бір ай бойы әзірледік, мен пьесаны оқып, режиссермен сөйлестім. Ал театрда біз екі апта ішінде жұмыс жасадық.

РКС: Спектакль арқылы көрерменге отбасылық драма көрсетіледі. Кейіпкердің бұрынғы әйелі оған ортақ ұлы туралы айтады. Жасөспірімнің бойынан әлдебір өзгешелікті байқайды, бірақ анасы нақты қандай екенін түсіндіре алмайды. Әкесі баласын өзінің қым-қуыт өміріне қалай кіргізерін білмей дал болады. Бірақ ұлымен әңгімелескеннен соң бәрі өзгереді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ересектер жасөспіріммен қарым-қатынас орнатуға тырысқанымен, мәселе өте күрделі. Бала үнемі ашуланшақ келеді. Айтқан кеңеске мүлдем құлақ аспайды. Мектепке бармай, сабақтан қашып, қорытынды емтихандарға дайындалуды қаперіне де ілмейді. Ата-ана оның мінез-құлқының себебін білуге тырысқанымен, одан да түк шықпайды. Көрермендер бұл спектакль кейде көруге қорқынышты қоғамның айнасы екенін атап өтті.

СНХ: ҚАРЛЫҒАШ ӘБДІРАХМАНОВА, КӨРЕРМЕН: Тақырыбы өте актуальный деп айтылады ғой. Әке-шесесі өз баласын ойламай ажырасады. Және сол уақытта бала нені сезінеді жалпы ата-анасы ажырасқанда. Және соңында ол бала өзіне қол жұмсайды. Ол, яғни, балаға әке шешесінінің ажырасуы өліммен тең деген мағынаны білдіреді. Қазіргі қоғамға керек тақырып деп ойламймын.

РКС: Спектакль ата-ана өз баласын түсінуге тырыспақ түгілі, оның сөзін де тыңдамайтын кездер жиі кездеседі. Актерлердің шеберлігі мен қойылымның жалпы атмосферасына көрермен жоғары баға берді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.