ДИКТОР: Қаржы мониторингі агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен тұтыну кооперативі атын жамылған «Асар баспана» қаржы пирамидасының заңсыз әрекетін әшкереледі. Тергеу барысында пирамиданы ұйымдастырушылар ай сайын 30 процентке дейін табыс табуға уәде беріп, 86 мың азаматты заңсыз әрекетке тартқан.
РКС: Нақты ешқандай бизнес болмаған. Төлемдер жаңа қатысушылардың салған салымынан төленіп отырған. Қаржы пирамидасының басшысы мен оның сыбайластары 3,8 млрд.теңгені заңсыз иемденген. Күдіктілер Алматы қаласында тігін цехы, құрылыс материалдарын және тұрмыстық, медициналық техника шығаратын зауыт жұмыс істеп жатыр деп салымшыларды алдап келген. Шындығына келгенде өнімдер үшінші тарап жеткізушілерінен сатып алынып, «Асар баспана» логотипімен таңбаланып отырған. Пирамида әшкереленген кезде 8 ақпанда ұйымдастырушылар қылмыстық әрекеттердің іздерін жасыру үшін «Асар Баспана» сайтын техникалық режимге ауыстырып жіберген.
СНХ: ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Алайда, тергеу барысында серверлік деректер қалпына келтірілді. Сайт деректеріне сәйкес, «Gold» деңгейіне жеткен 15,5 мың салымшының тек біреуіне ғана пәтер берілген. «Platina» бағдарламасы бойынша 15 мын үміткердің, арасынан тек бір салымшыға ғана келік берілген. Еске салайык, 2025 жылы 9 акпанда 49 кеңседе жане 81 күдіктінін тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Онын нәтижесінде 1,1 млрд тенге, Toyota Land Cruiser 300 жане Lexus 570 сияқты 10 премиум-класстагы автокеліктер тәркіленді, олар Туғанбаев пен онын жақындарына рәсімделген. Сонымен қатар, Ақтау каласында Туғанбаев Н.М.-ның бауырынын үйінен кооперативтің есепшоттарында болуы тиіс 945 млн теңге қолма-қол ақша табылды. 1,2 млрд теңгеден астам сомаға шоттар бұгатталып, тыйым салынған.
РКС: 11 ақпанда сот кінәлілер Н.М.Туғанбаев пен Н.Байтасовқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ