ДИКТОР: Шортанды ауданында 27 мыңнан астам тұрғын бар. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 25-ші ақпаннан бастап көктемгі су тасқынының алдын алуға қатысты жұмыстар қыза түскен.
РКС: Биыл қар қалың. Сондықтан су тасқынының қаупі де тым жоғары. Қазір су тасқының алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Аудан бойынша шамамен 30 мың текше метр қар шығарылды. Сондай-ақ, су өткізетін құрылыстарды тазарту жұмысы да қатар жүргізіліп жатыр.
СНХ: АЙБЕК КЕРІМБАЕВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Шұғыл жағдайларда жұмылдырылатын мобильді топтардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Жанар-жағармай материалдарға қатысты меморандум жасалып, 318 тонна инертті материал, 16 мың дана қапшық дайындалды. Төтенше жағдайларды жою және алдын алу бағдарламасы бойынша аудан әкімдігі 3,9 тонна бензин мен 8,7 тонна дизель отынын сатып алды. Ауданда 1 жүзу құралы мен 17 мотопомпа бар. Қазір ауылдық округтер мен ауыл әкімдері өз елді мекендеріне мотопомпаларды сатып алуды жалғастыруда.
РКС: Көктемгі су тасқынына қарсы шараларға арнайы 30 техника мен 60-қа жуық адам жұмылдырылады. Пригородное, Октябрьское, Дамса және Ключи ауылдарының қауіпті учаскелеріндегі гидротехникалық құрылыстар мен өзендердегі судың деңгейі бақыланады. Наурыздың 20-сы мен сәуірдің 20-сы аралығында бақылау бекеттерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылмақ.
СНХ: АЙБЕК КЕРІМБАЕВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Төтенше жағдайлардың алдын алуға аудандық бюджеттен 20 миллион теңге бөлінді. Шұғыл шығындарға арналған резервке 10, қар шығаруға 43 миллион теңге бөлінді. Биыл төтенше резервке 42,2 миллион теңге қарастырылды. Дамса, Степное, Научный, Октябрьское, Пригородное ауылдары және Шортанды кентінде су тасқыны кезеңінде зардап шеккен жандарға негізгі жиналатын 6 пункт жасақталды. Олардың бәрі осы өңірлердегі мектептерде дайындалды. 2 мыңға жуық адам қабылдауға болады.
РКС: Қажет болған жағдайда су айдындарының қауіпті учаскелерінде мұз жару жұмыстары да жүргізіледі. Көктемгі су тасқынның алдын алу жұмыстары әлі де жалғасуда. Қазір тіптен қыза түскен.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.