ДИКТОР: Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Еліміздің 8 облысында су тасқыны болуы мүмкін. Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарында қауіп басым.
РКС: Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының әкімдері өңірлерде елді мекендерді су басудың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.13 наурыздағы жағдай бойынша еліміздің басым бөлігін қар басып жатыр. Солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және еліміздің орталығында тоңның қалың болуы байқалып отыр. Ақмола облысында 139 см-ге дейін тоң бар. Болжамдарға сәйкес, наурыз және сәуір айлары жылы болады деген болжам бар. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мол болады. Бұл су тасқыны қаупін арттырады.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Облыс аумағының орталығында Қылшақты өзенінің су өткізу қабілеттілігін арттыру үшін 4 те 3 км учаскеде өзеннің түбін 2 метрге тереңдету жұмыстары жүргізілді. Және жағасын 2 метрге дейінгі қорғаныс үйіндісі салынды. Атбасар қаласында еріген дала суының жаңа құрылыс аймағын қорғау үшін айналма канал салынды. Шамамен 400 үйді су басу қауіпін төмендету үшін су өткізгіш шуздерді орналастыру аяқталып келеді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Есіл, Нұра өзендерінің жағаларын 10 киллометрге ұлғайтылды. Қауіпті учаскелер кеңейтілді. Еріген суды өткізу үшін Целиноград ауданының Талапкер, Қоянды ауылдарында 8 км айналма канал салынды. Бұл шаралар еріген суды қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді. Қар шығару, су өткізу құрылыстары, каналдар мен арықтарды тазалау бойынша іс-шаралар жалғасуда. Бүгінгі таңда 329 тонна жанар-жағармай, 20 мың тонна инертті материал және 197 мың қап дайындалды.
РКС: Штабтың отырысы кезінде су басу қаупін азайту мақсатында Ақмола, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдеріне шұғыл шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.
СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Әкімдіктер елді мекендерді су шайып кетпес үшін, қажетті шаралардың барлығын қабылдауы тиіс. Өзен арналарын тазартып, бекіту қажет. Суға кету бейім елді мекендерде күштер мен құралдарды, оның ішінде тиісті техникаларды топтастырып, дайындау қажет. Эвукуациялау орындарын анықталсын. Олар тіршілікті қамтамасыз ететін барлық құрал-жабдықтармен жабдықталуы тиіс. Төтенше жағдайлар министірлігі барлық мүдделі органдармен бірлесіп, еліміздегі су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізілу қамтамасыз етілсін.
РКС: Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, еліміздегі су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізу міндеті қойылды. Жағдай күрделене түссе, қосымша күштер мен құралдарды енгізуге қатысты шаралар қабылдау, олардың әрекеттерінің ықтимал нұсқаларын анықтау қажеттігі айтылды.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ