ДИКТОР: Сандықтау ауданының Жабай өзенінің бойында орналасқан 12 ауылды су басуы ықтимал. Қазір ауданда көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар екі ауысымда жүргізілуде. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Биыл Сандықтау ауданында 42 мыңнан астам текше метр қар шығарылып, 2 мың тоннадан астам инертті материал дайындалды. Сондай-ақ, Жабай өзенінде мұз жару жұмыстары да кестеге сай жүргізілуде.

СНХ: ҚАЙРАТ ОМАРОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Былтыр бірінші қазаннан бастап Балкашино кентіндегі Жабай өзенінің бойындағы учаскелерде Жабай өзенінің арнасы бойынша жағалауды бекіту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу жобасы басталды. Мердігер Астана қаласының «Целингидротех» серіктестігі. Сметалық құжаттама 4 миллиард 65 миллион теңге. Жұмыс келер жылдың мамырында аяқталады.

РКС: Мердігерлік ұйым жұмыстың шамамен 70 процентін орындады. Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарына 40 адам және 12 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, мердігерлік ұйым Сандықтау ауылында ұзындығы 100 метр Жабай өзенінің түбін тереңдетіп, арнасын кеңейтті.

СНХ: ҚАЙРАТ ОМАРОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Былтыр Петриковка мен Арбузинка ауылдары арасында жергілікті серіктестіктердің күшімен аспалы көпір салынды. Мемлекеттік материалдық резервтен ауданға 2 пантонды көпір бөлінді. «Байдалы-2» серіктестігінің басшысы Марат Оразалиннің көмегімен осы 2 көпір Байдалы ауылының аумағына жеткізілді. Биыл осы екі көпірді монтаждау жұмыстары басталады. Біреуі Байдалы ауылына кіре беріске, екіншісі Новоселовка ауылына жақын жерге орнатылады. Аудан бойынша су тасқынына қарсы шараларды өткізуге барлығы 115 адам, 51 арнайы техника жұмылдырылды. Барлық техника жұмысқа дайын.

РКС: Сондай-ақ, биыл қар шығару жұмыстарына Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы «Сандықтау-Су» кәсіпорнының арнайы 4 техникасы жұмылдырылды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.