ДИКТОР: Көкшетауда азаматтық қоғам мен мемлекеттің адам құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған диалог алаңы өтті. Қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылап, нақты шешімдерді ұсынды.

РКС: Ақмола облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Әсем Асайынова күн сайын ондаған шағымдарды талқылауға мәжбүр. Ата-аналар, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер және балалардың өздері түрлі өзекті мәселені көтереді. Көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мамандар мектептерде QR-кодтарды енгізіп, сенім телефонын, психологиялық қолдау орталығын ашты.

СНХ: ӘСЕМ АСАЙЫНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ: 2025 жылдың басында бәріміз белсенді әрекет етуге, балаларға уақтылы көмек көрсетуге ұсынып отырмын. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заң енгізілгендіктен, QR-код пен 111 байланыс орталығы ұйымдастырылды. Осы шаралар балалар мен ата-аналар түрлі мәселелер бойынша жүгіне алатын барлық мектептерде енгізілді. Сондай-ақ зорлық-зомбылық, отбасындағы жанжал болған жағдайда да көмек сұрай алады.

РКС: Мектептердегі буллинг, отбасындағы зорлық-зомбылық, әлеуметтік мәселелер кешенді тәсілді қажет етеді. Билік пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері ынтымақтастықты кеңейту және дабылдарға жедел әрекет ету маңызды екенін атап өтті.

СНХ: АЙГҮЛ НҰРМАҒАНБЕТОВА, «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Біз Сандықтау, Бурабай ауданына, атап айтқанда Қатаркөл ауылында қоғамдық тыңдаулар, азаматтармен кездесу өткіздік. Бірқатар отбасыларда проблемалар бар екені сөзсіз. Нашақорлар бар отбасыларды да көрдік. Оларға заңгерлік және қоғамдық көмек көрсеттік. Осы отбасыларды сүйемелдеу әлі де жүргізілуде.

РКС: Кездесу соңында ашық пікірталас өтті. Онда қатысушылар пікір алмасып, адам құқықтарын қорғау бойынша өз ұсыныстарын берді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.