ДИКТОР: Облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті қызмет алушылардың мемелкеттік қызмет сапасына берген шағымдарын қарау барысында бұзылған құқықтарын қалпына келтіруі бойынша ауқымды шараларды жүзеге асырып келеді.

РКС: Қызмет алушылардың құқық¬та¬рын проактивті түрде, олар¬дың шағымдарын күтпей-ақ, қашықтан мониторинг жүр¬гізу тиімділігін көрсетіп отыр. Бұ¬зу¬¬шылықтар анықталған жағдайда заң¬дылықты қалпына келтіру және қыз¬мет алушылардың құ¬қықтарының бұ¬зы¬луына жол бермеу бойынша шара¬лар қа¬был¬данады.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ШЫТЫРЫМБЕК, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Осылайша, Департамент 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге бақылау жүргізу нәтижесінде 15 мыңнан астам бұзушылық анықталып, 1426 қызмет алушының құқықтарының сақтау қамтамасыз етілді. Мысалға, осыған дейін қызмет көрсету мерзімі бұзыла отырып, бастартылған 299 шаруа қожалығына субсидияға өтінім тапсыру үшін ақпараттық жүйеден қайтадан мүмкіндік берілді. Оның ішінде 181 шаруаға 432 млн.теңге субсиядия тағайындалды.

РКС: Сондай-ақ, департамент ұсынысы негізінде 800-ден астам азаматқа жер телімі берілді. 207 қызмет алушының құқықтары қашықтықтан мониторинг және бірлескен бақылау іс-шаралары арқылы қорғалды.

СНХ: РУСЛАН РАҚЫМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Мысалы, Департаментпен шағымды қарау нәтижесінде Ерейментау ауданында 1000 бас малы бар шаруа қожалығына ауыл шарушылығы нысанындағы ауданы 4000 гектардан астам жер учаскесіне жалдау мерзімі ұзартылды.

РКС: Мемлекеттік қызмет көрсе¬ту үрдіс¬терін жетілдіру мақса¬тында жүйелі тал¬дау жүргізі¬ліп келеді. Нәтижесінде, 200-ге жуық шаруа қожалығы 432 млн.теңге көлемінде субсидия ала алды. Қызмет алушылардың құқықтарын сақтау мәселесі Департаменттің тұрақты бақылауында.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ