Негізгі Жаңалықтар Ақтаулық шеберлердің көркемөнер көрмесі

Ақтаулық шеберлердің көркемөнер көрмесі


ДИКТОР: Көкшетауда Ақтаудан келген үш суретшінің туындылары қойылған көрме ашылды. Көрменің ерекшелігі – дәстүрлі шеберлік пен заманауи технологиялардың, сондай-ақ жарық эффектілерінің бірегей үйлесімінде. Көрмені тамашалап қайтқан тілшіміз баяндайды.


Шум: ашылуы 

РКС: Көрмеде этно-стильдегі картиналар, бірегей барельефтер, киізден жасалған бұйымдар және дизайнерлік аксессуарлар ұсынылған.


СНХ: ИННА ЕРМАКОВА, СУРЕТШІ: Бұл жұмыспен екі суретші айналыстық. Біз көлемі 4- ТЕ 2 метр болатын үлкен картинаны ұсындық. Онда түркі дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихына үлес қосқан 100-ден астам тұлғаның бейнесі сомдалған. Сондай-ақ, біз өзіміздің 13 авторлық туындымызды да көпшілік назарына ұсындық. Олардың кейбірі бір ғасыр бұрынғы қазақтардың ескі фотосуреттері негізінде салынса, енді біреулерінде заманауи тұлғалар бейнеленген. Ал әлгі ауқымды полотномызды тарихи композиция деп те айтуға болады.


РКС: Бұл туындылардың ерекшелігі — көлемділік әсерін жасау үшін құрылыс материалдарын пайдалану. Суретшілер ауқымды жақтаулар жасап, мұрағаттық фотосуреттерді кенепке түсіреді және оларды қосымша бөлшектермен толықтырады.


СНХ: ӘСЕЛ МЫРЗАҒАЛИЕВА, СУРЕТШІ: Міне, ана мен баланы бейнелейтін туынды. Оның түпнұсқасы – ақ-қара фотосурет – интернетте бар, ол көпшілікке қолжетімді. Біз оны түрлі-түсті етіп жасауды жөн көрдік, сонымен қатар композицияға киіз үй мен тауларды қостық. Кәдімгі жақтаулар біздің жұмысымыз үшін тым нәзік келеді, тереңдік пен көлемдік әсер беру үшін қолданылатын гипстің арқасында әрбір туындының салмағы шамамен 10–15 келіні құрайды.


РКС: Көрмеде кескіндеме туындыларымен қатар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары да ұсынылды. Евгения Ермакова шеберлік сабақтары және материалдармен тәжірибе жасау арқылы киіз басудың күрделі әдістерін меңгеріп, жүннен киім мен аксессуарлар жасайды.


СНХ: ЕВГЕНИЯ ЕРМАКОВА, КИІЗ БАСУ ШЕБЕРІ: Мен өмір бойы қолөнермен айналысуды жақсы көрдім, ал қазіргі сүйікті ісім – жүнмен жұмыс істеу және киіз басу. Бұл – шексіз сала,оны толық меңгеруге тіпті он жыл да жетпес еді. Мұның бәрі біздің «Этно-ауылда» дәстүрлі қолөнер түрлерін жаңғырту бастамасы қолға алынған кезде басталды.онда жергілікті қойдың жүні әкелінетін, ал біз оны сұрыптап, түтіп, дайындайтынбыз.

  

РКС: Көрме Көкшетауда 6 және 7 қазанда өтеді. Келушілер экспозицияны тамашалап, ұлттық қолөнердің заманауи тұрғыдағы жаңаша интерпретациясымен таныса алады.


ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.



Бөлісу