Негізгі Жаңалықтар «Мың бір көрме» жәрмеңкесіне 250 шебер жиналды

«Мың бір көрме» жәрмеңкесіне 250 шебер жиналды


ДИКТОР: Көкшетауда «Мың бір көрме» атты республикалық көрме-жәрмеңкесі өтті. Ауқымды шара Қазақстанның барлық шеберлері мен кәсіпкерлерінің басын қосты. Олар қолдан жасалған бұйымдарды, этно киім мен эко өнімдерді ұсынды. 

РКС: Көрме-жәрмеңкені Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақ аналары - дәстүрге жол» бірлестігі ұйымдастырды. Басты мақсат - отандық өндірушілерді қолдау, ұлттық қолөнерді дамыту және дәстүрді насихаттау. Экологиялық таза өнімдер мен бұйымдарды аталған бірлестікке қарасты Ақтөбе филиалының өкілдері де әкелді.

 СНХ: БАРШАГҮЛ ОМАРБЕКОВА, КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ /АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ/: Бүгінгі мереке — қазақтың байлығын, ынтымағын, бірлігін, ұлттық қолөнерді, ұлттық дәмді, барлығын ашық көрсетіп жатыр. Қуанышымыз өте құтты болсын! Көкшетау елі, Көкшетау халқы, сіздермен біз біргеміз! «Қазақ аналары — дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің аналары, біз келіп тұрған қолөнер шебері Дәулетбаева Асылды ханым және біздер — қазақтың, міне, Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбеден шығатын, мінекей, тары, сосын ауылдың құрты. Бұл өнімдерадамның ағзасына өте пайдалы, таза өнімдер. Біздің «Дәстүрге жол» қазақ аналары Ақтөбе облысынан келдік, бірнеше шеберлер келді, бәрі жайғасып жатыр. Өте керемет бүгінгі күн! Мына күннің салқындығына қарамай, сондай бір ынтымақты, берекелі, ыстық сезімді, ауызбіршілікті көрсетіп жатыр.


РКС: Жәрмеңкеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 250 сәндік-қолданбалы өнер шебері, кәсіпкерлер мен шығармашылық қайраткерлер жиналды. Алаңда этно-стильдегі заманауи киім, керамика, табиғи тастардан жасалған әшекейлер, ағаштан және эпоксидті шайырдан жасалған бұйымдар, сондай-ақ бірегей патенттелген техникалардағы авторлық жұмыстар ұсынылды. 

СНХ: АРЛАН АНҚАУОВ, КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ ///ҚОСТАНАЙ қ./: Біз ағаларымызбен Қостанайдан келдік. Көкшетаудың үлкен фестивалі мен жәрмеңкесіне қатысудамыз. Біз авторлық жұмыстарды әкелдік. Жүннен жасалған картиналар сияқты технологияның авторларымыз. қазір осымен көрмеге барамыз, Осы жәрмеңкеге, үлкен фестивальге қатысу бақытына ие болдық. Түрлі жанрдағы картиналар әртүрлі композициялар, сондай-ақ, қой жүнінен бұйымдар жасаймыз. Кілем тоқумен және былғары бұйымдар жасаумен айналысамыз. 

РКС: Көрме-жәрмеңке мәдени шарамен жалғасын тапты. Бағдарлама аясында концерттік қойылымдар мен қазақ ұлттық стиліндегі сән үлгілері көрсетілді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу