Негізгі Жаңалықтар Есірткі зертханасының қызметіне қатысты іс сотқа жолданды

Есірткі зертханасының қызметіне қатысты іс сотқа жолданды


ДИКТОР: Атбасар ауданының прокурорлары есірткі зертханасының қызметіне қатысты қылмыстық істі Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолдады. Бір топ адамға кейін тарату мақсатында психотроптық заттар мен олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде дайындау айыбы тағылып отыр. Бұл туралы облыстық прокуратураның ресми арналары арқылы хабарланды. Бұл мәселе бойынша сот талқылауы тағайындалды. Сот айыптау тарапының уәждеріне түпкілікті баға береді. Құқық қорғау органдарының өкілдері есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және тергеу жөніндегі жұмыстары қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталғанын мәлімдейді. Тұрғындарды қырағы болуға және қылмыскерлердің ықпалына берілмеуге шақырамыз. Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты кез келген ақпарат туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет. 


 


Бөлісу