«Zerenda Half Marathon» 1500 қатысушының басын қосты
ДИКТОР: «Zerenda Half Marathon» ауқымды жарысына қатысу үшін Зерендіге 11 елден 1500-ден астам адам жиналды. Кәсіби спортшылар мен әуесқой жүгірушілер үшін бұл шара жай ғана жарыс емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі үлкен спорттық мерекеге және туристік оқиғаға айналды. Дәстүрге сай жарыс жолы Зеренді көлінің жағалауы мен айналадағы қылқан жапырақты орман арқылы өтті.
ВИДЕОРЯД:
РКС: Қатысушыларға 500 метрден 30 шақырымға дейінгі әртүрлі қашықтықтар ұсынылды. Әркім өз дайындық деңгейіне сай келетін бағытты таңдай алды. Барлық трассалар сертификатталған және халықаралық стандарттарға сай келеді. Бұл жүгіру жарысына 80-ге жуық егде жастағы адам қатысты. 74 жастағы Фарида Батырбекова үшін бұл алғашқы марафон емес, ол бес жылдан бері скандинавиялық жүріспен айналысып келеді. Биыл ол жастың жай ғана құжаттағы сан екенін өзіне он бесінші рет дәлелдеді.
СНХ: ФАРИДА БАТЫРБЕКОВА, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ (АСТАНА Қ.): Өз мүмкіндіктерімді білгендіктен, бойыма қосымша күш-қуат бітеді. Бұл қартаюды тежеудің таптырмас жолы. Қағазға жазылған жасқа мән бермеймін, ол жай ғана күнтізбедегі сан ғой. Мен жас көрінгім келеді, әрі аяқтарымның мені алып жүруге жетерліктей мықты болғанын қалаймын.
РКС: Алдыңғы жылдармен салыстырғанда қатысушы балалардың саны артты. Марафонға 200-ге жуық жас спортшы тіркелді. Бұл ¬ - Ксения Григорьеваның алғашқы жарысы. Қобалжығанына қарамастан, ол бағын сынап көруді және мәре сызығында басқа спортшыларға қосылуды жөн көрді. Ол екі жылдан бері шаңғы спортымен айналысып келеді.
СНХ: КСЕНИЯ ГРИГОРЬЕВА, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ: өткен жылы маған бұл өте ұнаған еді. Әпкем жүгірді, мен де жүгіргім келді. Бірақ ол кезде тіркеле алмадық, өйткені мен тым жас едім. Сондықтан бұл жолы қатысуды жөн көрдім.
РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыстың ерекшелігі –жарыс элементінен бөлек, қатысушылардың тамаша табиғат көріністерін тамашалап, жаңа адамдармен танысу арқылы бірегей әсер алуға келуінде.
СНХ: ПАВЕЛ ТЕНЦЕР, ЖАРЫС ДИРЕКТОРЫ: Адамдар мұнда ең алдымен, ерекше әсер алу үшін келеді. Олар осы сәттің рахатын сезінгісі келеді. Зерендідегі жарысты ұйымдастыру барысында біз Еуропада кең таралған, шағын қалашықтарда өтетін жайлы әрі тартымды жарыстарға тән атмосфераны қалыптастыруды көздедік. Барлық жарыс жолдары World Athletics сертификатына ие. Егер жүгіруші осы қашықтықтарды бағындырса, оның нәтижесі басқа халықаралық жарыстарда ресми түрле танылады және өзге жарыстарға қатысу үшін іріктеу уақыты ретінде пайдаланылуы мүмкін.
РКС: Соңғы екі жылда «Зеренді» жартылай марафонына қатысушылар саны екі еседен астамға артты. Бұл халықаралық спорт қауымдастығының Ақмола өңірінің табиғи сұлулығына деген қызығушылығын ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың бұқаралық спортқа деген қызығушылығының артқанын да көрсетеді.
СНХ ЖАРЫЛҚАП ШЫРЫНХАН, МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ: Зеренді демалатын жер барлық кісілер келеді, барлық кісілер жаттығады осы неге районда сол. Мен де осы осы неден жаттығып жүрмін, осы жүгірумен өзім күнде күнара жүгіремін. Суға түсемін, жүгіремін, осы не марафонға қатысамын, денсаулыққа өте пайдалы жастарға айтатын осы немен жаттығуға.
РКС. Өңірде спорттық инфрақұрылым белсенді түрде дамып келеді, тек өткен жылдың өзінде 50-ден астам спорт алаңы мен 13 ірі спорт нысаны салынды. Нәтижесінде, тұрғындардың, әсіресе балалар мен жастардың, дене шынықтыруымен жүйелі түрде айналысуы артып келеді.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.