Негізгі Жаңалықтар Аршалы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Аршалы ауданына жаңа әкім тағайындалды


ДИКТОР: Аршалы ауданына жаңа әкім тағайындалды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың өкімімен бұл қызметке Асхат Мұратбекұлы Ахмедьянов келді. Жаңа әкімнің аудан басшылығындағы қызметі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бағыттарымен байланысты болады. Асхат Ахмедьянов 1992 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді «Тұран-Астана» университетінде алып, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын Атбасар ауданында бастап, ауылдық округ әкімдіктерінде түрлі қызметтер атқарды. 2017 жылы Покров ауылдық округінің әкімі болып тағайындалып, бұл қызметте 2 жыл еңбек етті. Кейін Атбасар ауданының кәсіпкерлік бөлімін басқарды. Басқару саласындағы тәжірибесін одан әрі шыңдап, 5 жыл бұрын Макеев ауылдық округінің әкімі қызметіне кірісті. Ал кейін Зеренді ауданы әкімінің орынбасары болып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар бағытқа жетекшілік етті. Жинақтаған мол тәжірибесі мен мемлекеттік қызметтегі кәсіби жолын жалғастырған Асхат Ахмедьянов биыл Аршалы ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Бөлісу