Негізгі Жаңалықтар Спорттық каратэ: Ақмола облысы бірінші орында

Спорттық каратэ: Ақмола облысы бірінші орында


ДИКТОР: Өткен сенбі күні шаһарда спорттық каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Додаға еліміздің 5 өңірінен 130-дан астам жас каратэші қатысып, өзара мықтыны анықтады. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Чемпионатқа Ақмола, Абай, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Көкшетау мен Астана қалаларының спортшылары қатысты. Каратэшілер ката, кумите және жекпе-жек түрлері бойынша бақ сынады.

ИНТЕРШУМ: 

СНХ: ЕРНАТ ШӘРІПОВ, ҚАЗАҚСИАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Деңгейлері өте жоғары. Мысалы, Абай облысынан келіп отыр спортшылар, деңгейлері жақсы. Техникалық тұрғыдан қараған кезде біз біріншіден дұрыс орындалуын қадағалаймыз және де дистанция ұғымы бар. Соны да қадағалап, балалар өз деңгейлерін көрсетіп жатыр. Бұл чемпионат іріктеу кезеңі болып саналады. Өйткені қараша айында Сербияда Әлем чемпионатына дайындық болып жатыр. 

РКС: Абай облысының спортшылары да чемпионатта жоғары дайындықтарын көрсетті. Семей қаласынан келген команда құрамында 6 мен 15 жас аралығындағы 15 каратэші жарысқа қатысты. Олардың арасында тәжірибелі спортшылармен қатар, жарыс жолына алғаш қадам басқан жас қатысушылар да бар. Бапкерлерінің айтуынша, жыл бойғы тұрақты жаттығу балалардың жарысқа жақсы дайындалуына мүмкіндік береді.

СНХ: ЮЛИЯ ЛИТВИНОВА, «СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШИТО-РЮ КАРАТЭ-ДО ФЕДЕРАЦИЯСЫ» ҚБ БАСШЫСЫ: Жоғары деңгейдегі дайындық өткізіп үлгермедік, өйткені маусым енді ғана басталды. Бірақ бір артықшылығымыз бар — жыл бойы, жазда да, қыста да жаттығамыз. Сондықтан жаз мезгілінде жаттыққан балаларға қазір жарысуға жеңілірек. Алда Бийск қаласындағы турнирге, сондай-ақ Алматыдағы жарыстарға барамыз. Дайындықты жалғастырамыз. Алдағы уақытта қандай да бір жарыстарыңыз болса, қуана қатысамыз.

РКС: Спорттық каратэден өткен ел чемпионаты жас спортшылар үшін маңызды бәсеке болды. Әсіресе, халықаралық жарыстарға іріктеу тұрғысынан бұл дода қатысушылар үшін үлкен мүмкіндік берді. Жарыс барысында спортшылар шеберліктерін көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінуге тырысты. Жеңімпаздар алдағы халықаралық додаларда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

СНХ: ДАНИИЛ ШУМИЛОВ, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ (КӨКШЕТАУ): Чемпионат өте жақсы өтіп жатыр. Мен ката бойынша бірінші орын алдым. Қарсыластарым көп болды. Бірінші орын алғаныма қуаныштымын. Қарсыластарымның барлығы өте мықты болғанына ризамын. Көп дайындалдым, қобалжыдым. Бірінші орын алғаным жақсы болды, бұл жеңісімді мақтан тұтамын.

СНХ: ТОМИРИС КЕНЖЕБАЙ, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ (ПЕТРОПАВЛ): Дайындалдым, жарысқа шыға аламын ба, жоқ па деп ойладым. Қорқынышты болды. Барлық кеңестерді тыңдап, оларды есте сақтауға тырыстым. Мен каратэден әлем чемпионы болғым келеді.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Көкшетау қаласының Жасталап Санауов атындағы каратэ академиясы үшінші орынға тұрақтады. Абай облысының құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Ал Ақмола облысының спортшылары чемпион атанып, бірінші орын иеленді. Осылайша Ақмола облысының жас каратэшілері ел чемпионатында жоғары нәтижелерін көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу