Тұрғындар қоқыс контейнерлерінің көшірілуіне наразы
ДИКТОР: «Көкшетау қаласы Абылай хан даңғылы мен Кәукен Кенжетаев көшесінің қиылысында орналасқан үш көпқабатты үйдің тұрғындары ортақ ауладағы қоқыс контейнерлерінің орналасуына наразы. Олардың сөзінше, контейнер алаңдары қоқыс орнына айналған. Сондықтан тұрғындар қоқыс жәшіктерін кіреберіске жақын жерге көшіруге қарсы. Сонымен қатар, олар арнайы алаңның абаттандырылуына қарсылықтары жоқ екенін айтады. Алайда оны барлық үйлерден бірдей қашықтықта орналастырған жөн деп санайды.
РКС: Қала тұрғындары контейнер алаңын аула аумағының шамамен ортасына, үйлердің арасына көшіруді ұсынып отыр. Алайда тұрғындар олардың коммуналдық қызметке жолдаған өтініштері әзірге шешімін таппағанын айтады.
СНХ: СВЕТЛАНА СЛИЖЕВСКАЯ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бұл жерге қоқыс жәшігін қоюға мүлдем болмайды. Бұл аумақтың орналасуы онсыз да қолайсыз. Қағаздар қатты жел соққанда үйлерімізге ұшып келеді. Ал қоқыс жәшігі дәл осы жерде тұрса, не болатынын білмеймін, қоқыс үйіміздің кіреберісіне дейін ұшып келетін болады. Мұнда көлік те шыға алмайды, жедел жәрдем көлігі де кіре алмайды, жалпы ештеңе болмайды!
РКС: Контейнерлердің орналасуы жалғыз мәселе емес. Тұрғындардың айтуынша, бір ғана контейнер алаңын 10 үйдің тұрғындары пайдаланады. Сонымен қатар, 8 дүкеннің қоқысы осы жерге шығарылады. Салдарынан контейнерлер тез толып қалады. Жергілікті тұрғын Жамал Шабанованың айтуынша, контейнерлердің маңынан егеуқұйрықтарды жиі көруге болады.
СНХ: ЖАМАЛ ШАБАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мұндай ортада тұрғымыз келмейді. Осы антисанитарияны иіскеуден шаршадық. Жақында бұл егеуқұйрықтар жертөлеге, одан кейін пәтерлерге кіретін болады!
РКС: Ал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде қазіргі контейнер алаңын насос станциясына жақын жерге көшіру жоспарланғанын мәлімдеді. Алайда тұрғындардың қарсылығына байланысты жұмыстар уақытша тоқтатылды.
ГРАФИКА МӘТІНІ: «...Контейнер алаңын орналастыру орнын уәкілетті органдардың талаптарына сәйкестендіру, оның ішінде экологиялық бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының нұсқамаларын орындау мақсатында жұмыстар жүргізілді. Тұрғындардан келіп түскен өтініштерге және олардың пікірін ескеру қажеттілігіне байланысты контейнер алаңын көшіру жұмыстары уақытша тоқтатылды. Қазір санитариялық-экологиялық нормалардың талаптарын, техникалық мүмкіндіктерді және тұрғындардың пікірін ескере отырып, контейнер алаңын одан әрі орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Нәтижесінде контейнер алаңын орналастырудың оңтайлы орны анықталады..»
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
РКС: Тұрғындардың өздері де қалдықтарды шығару ережелерін әрдайым сақтай бермейді. Кейбір жауапсыз азаматтар контейнерлердің жанына ірі көлемді және тұрмыстық қоқыстарды қалдырады. Соның салдарынан аумақ тез ластанады. Әзірге үй тұрғындары коммуналдық қызметтер бұл жағдайға назар аударып, барлығына ортақ шешім табады деп үміттеніп отыр. Олардың пікірінше, контейнер алаңына қолайлы орын белгілеумен қатар, оның үнемі шамадан тыс толып қалу мәселесін де шешу қажет.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ