Жәрмеңкеде қолжетімді бағамен 200 тонна өнім ұсынылды
ДИКТОР: Көкшетауға қарттар күніне орай облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 200 тоннадан аса өнім жеткізілді. Қала тұрғындарына жергілікті өндірушілер өз өнімдерін ұсынды - олар үшін 50 павильон орнатылды.
РКС: Жәрмеңкеде облыстың 9 ауданы, Көкшетау қаласы және 21 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өз өнімдерін ұсынды. Олардың ішінде - Щучинск қаласының ет өңдеу кәсіпорны да бар.
СНХ: ЖАНАТ ЕРЕКИН, КӘСІПКЕР: Барлық жәрмеңкеге қатысуға тырысамыз. Нарықтық бағаны ұстап тұрамыз, адамдарға сатып алуға мүмкіндік туады. Қазір көріп отырғандарыңыздай, бізде баға 3500 теңге. Сауда өте жақсы жүріп жатыр. Бізде бүгін тек ет және ет өнімдері. Екі мал әкелдік, барлығы сатылып кетті.
РКС: Қала тұрғындарына сұранысқа ие өнімдер: 50 тоннаға жуық ет өнімдері, 20 тонна сүт тауарлары, сондай-ақ 40 тоннаға жуық көкөніс пен картоп. ұсынылды. Бұдан басқа, сатып алушылар балық, жұмыртқа, ұн, жарма, өсімдік майы, маусымдық тауарлар мен көшеттерді сатып алды. Өнімнің бағасы нарықтағыдан 10-15 процентке төмен болды.
СНХ: МҰРАТ БАЛПАН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін Көкшетау қаласында бірінші ярмаркамыз өтіп жатыр. 10 ауданнан келіп жатыр, Көкшетау қаласының продукциясына келіп сатып жатыр. Қарқынды жүріп жатыр, мінекей халық келіп... Осы бүгінгі ярмаркадағы азық-түліктің бағасы нарыққа қарағанда 10–15 пайызға төмен болып тұр. Жалпы 200 тоннадан астам азық-түлік келіп отыр бүгінгі ярмаркаға. Барлық халық ырза болып тұр, көтеріңкі көңілде өтіп жатыр.
РКС: Дәстүр бойынша орталыққа еріктілер де шықты. Олар қарттарға сөмкелерін көтерісіп көмектесті. Тұрғындардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер қажет.
СНХ: ҒАЛЫМБЕК ДОСМАҒАМБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін біз міне ярмаркадамыз. Енді бары жақсы болып жатыр. Әрбір аудан: Атбасар, Зеренді, Целиноград — түгел райондардан келіп ет, сүт өнімдерін, картошка — бәрін сатып жатыр. Бағалары бәрі тиімді сияқты. Бүгін ет алдым, еттері бәрі жақсы. Енді осындай ярмарка почаще болып тұрса деп ойлаймыз. Халыққа кішкене арзанырақ па деп... Сол сол үшін келгенбіз.
РКС: Сатып алушылар арасында тұрақтандыру қорының өнімдері ерекше сұранысқа ие болды. Жеке сөреде әлеуметтік маңызы бар өнімдер ұсынылды. Қала тұрғындарына сиыр еті, қант, күріш, бірінші сұрыпты ұн, тұз, күнбағыс майы, макарон өнімдері, сондай-ақ картоп пен сәбіз арзандатылған бағамен сатылды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ