Негізгі Жаңалықтар 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні

10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні


ДИКТОР: Елімізде қазанның 10-ында кәсіподақтар күні аталып өтіледі. Бұл мереке Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 мамырдағы №303 қаулысымен ресми түрде бекітілген. Осы орайда шаһарда салтанатты шара ұйымдастырылды. 

РКС: Салтанатты шара барысында өңірдің кәсіподақ қозғалысына белсенді атсалысып жүрген 50-ден астам жұмысшы мен еңбеккер марапатталды. Оларға «Еңбек озаты», «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін», «Кәсіподақ ардагері» медальдары табысталды. Сонымен қатар бірқатар сала мамандарына Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары берілді. Облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, кәсіподақ мүшелерінің саны соңғы жылдары айтарлықтай артқанын атап өтті.

Интершум: 

СНХ: ҚАЛИ РАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Соңғы үш жылда облысымыздағы кәсіподақ қозғалысына қатысушылардың саны 23 пайызға артты. Бұл бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Біз үшін тек статистика маңызды емес. Әр көрсеткіштің артында нақты адам, оның еңбек құқықтары, отбасы және ертеңгі күнге деген сенімі тұр. Еңбек қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлеміз. Облыста «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Кәсіподақтардың бастамасымен 916 өндірістік кеңес құрылды. Олардың жұмысын 1050 техникалық инспектор жүргізіп отыр.

РКС: Бүгінде өңірде 15 облыстық салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Олардың құрамында 1 227 бастауыш және 9 ірі кәсіподақ ұйымы бар. Жалпы кәсіподақ мүшелерінің саны 72 мыңнан асады. Мамандардың айтуынша, еңбек қатынастарындағы заң бұзушылықтардың алдын алу – кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

СНХ: ҚАБДУӘЛИ ҚҰЛЫШЕВ, «ҚЫЗМЕТ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Еңбек құқықтарының бұзылуына қатысты мәселелер әлі де бар. Заңсыз жұмыстан шығару фактілері кездеседі. Әсіресе әйелдердің, көпбалалы аналардың және балалардың құқықтары жиі бұзылады. Жаз мезгілінде балалардың таңнан кешке дейін жұмыс істеуі сияқты заңсыз жағдайлар да кездеседі. Мұның барлығы жойылуы тиіс. Сондықтан кәсіподақтар құқық қорғау органдарымен бірлесіп, еңбек құқықтарының бұзылуына және жұмыс орнындағы жазатайым оқиғаларға жол бермеу үшін тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

РКС: Кәсіподақтар еңбек адамдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді. Салтанатты жиында осы бағыттағы еңбегімен ерекшеленген азаматтарға құрмет көрсетіліп, үздіктер марапатталды. Шара соңында қатысушыларға арналған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Интершум: 

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЕЛДОС ЖӘРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу