Мәдениет ұжымдарының мерейтойлық маусымашары
ДИКТОР. Биыл Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның құрылғанына 80 жыл, Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының өз шымылдығын түргеніне 30 жыл және облыстық орыс драма театры 50-ші маусымын ашқалы отыр. Өңірдің мәдениетін көтеруге ерекше ат салысып келе жатқан үш ұжымның жаңа жоспарлары мен көрерменге ұсынатын мол репертуарлары жайлы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында айтылды.
РКС. Мәдениет саласындағы ең басты жаңалық ¬ - Көкшетауда жаңа қазақ театры ғимараты құрылысының қолға алынғаны. Бурабайда 1200 орындық конгресс орталығының салынатыны да мәдени –көпшілік іс шаралардың ұйытқысына айналатын орынның пайда болатынынан хабар береді. Зеренді, Бурабай, Целиноград аудандарында тарихи-өлкетану музейлерінің ашылатыны құнды жәдігерлер қорының молаюына себепкер болмақ. Үш мәдениет ошағының мерейтойлық іс-шараларына айтулы өнер қайраткерлерінің келетіні де көрермен үшін үлкен жаңалық.
СНХ НҰРҒИСА ДӘУЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Үкілі Ыбырай атындағы филармония жанынан Алматы қаласынан арнайы елімізге белгілі Алмас Елубайұлы деген домбыра шеберін шақырып, домбыра жасайтын маманның шеберханасын ашып жатырмыз. Бұл домбыра шеберлігін арттыруға бағытталған үлкен шаруаның бірі деп есептеймін. Филармония ішінде бұрыштар ашылып, көптеген іс-шаралар қолға алынды. 06.21 склейка 08.41 ең сыйлы өнер майталмандары келе жатыр. Қазақстанның Халық әртісі, атақты Қыз жібек фильмінің бас кейіпкері Меруерт Өтекешева, Асхат Майемевров сияқты өнер майталмандары біздің шарамызға қатысуды жоспарлап отыр.
СНХ ЖАРАС ҚАЛДАРОВ, Ш. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: біздің мақтанышымыз, солтүстік өңірде жалғыз ғана Халық Әртісі Жібек Бағысова апамыздың туған күніне сәйкес келіп жатыр, өзінің қатысуымен 12-ші бағыт деген қойылымды көруге шақырамыз. Маусымның ашылуына құрметті қонақтарымыз болады. сіздерді де көргіміз келеді.
РКС. Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония ұжымы өзінің 80 жылдық мерейтойына үлкен дайындықпен келді. Қаншама буын өнер жұлдыздарын тәрбиелеп, қанаттандырған мәдениет ошағының жыл бойы халыққа ұсынатын әуезді кештері, концерттік бағдарламалары көрермен көзайымына айналып үлгерді. Ал, театрлар арасында өзіндік орнын ойып тұрып алған орыс драма театры фестивальдер мен форумдарға қатысып қана қоймай, өзінің репертуарындағы тың дүниелермен ақмолалық көрерменді ғана емес, шетелдіктерді де таңдандырмақ ниетте.
СНХ НҰРГҮЛ ШӘЙКЕНОВА, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ ДИРЕКТОРЫ: мерейтойға орай әр ұжымның репертуары жаңарды. Біз өзіміздің бағдарламамызды лайықты деңгейде көрсетеміз деген сенімдеміз. Залда біздің тұрақты тыңдаушыларымыздан басқа, біздің өңірдің әр аумағынан әріптестеріміз де болады. Бұл біз үшін өте жауапты шара.
СНХ БЕЙБІТ БАҚТЫГЕРЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: біз қазір араб елдерінің театрларымен келісім жүргізіп жатырмыз. Санкт Петербургте өткен мәдениет форумында халықаралық қауымдастық өкілімен таныстым, және қазір Вьетнамның театр қайраткерлерімен келіссөз жүргізіп жатырмыз және қытайлықтармен балалар қойылымдарына қатысты да келісім жүріп жатыр.
РКС. Брифинг барысында мерейтойлық маусымашарда өткізілетін іс-шаралардың қатарында аудандарға арналған мәдениет күндерін және жас режиссерлардың халықаралық фестивалін өткізу жоспарда тұрғаны алға тартылды.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.