ДИКТОР: Жастар еліміздің басты стратегиялық ресурсы болғандықтан, олардың білікті маман болып қалыптасуына үлкен мән беріледі. Өңірде жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту бағытында 2018 жылдан бері «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы жүзеге асырылып келеді. Оның аясында жас мамандар мемлекеттік басқару жүйесінің негіздері бойынша практикалық сабақтарды өтіп, көшбасшылық дағдыларды меңгереді. Бүгінде «Жас мемлекеттік қызметші мектебін» 400-ден астам тыңдаушы тәмамдады.

РКС: Мектептегі оқыту Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының базасында 40 академиялық сағат көлемінде жүргізіледі. Оған жоғары оқу орындарының 3-ші және 4-ші курс студенттері қатыса алады. Оқыту курстарын Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен практик мамандар жүргізеді.

СНХ:ДУМАН ӘБІЛЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардағы жас мемлекеттік қызметшілердің үлесі 29 пайызды құрайды. Олардың қатарында шетелдік білім иегерлері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының түлектері, Болашақ бағдарламасының степендиаттары, ғылым кандидаттары мен ғылым докторлары бар. Мемлекеттік қызметшілер қатарын осындай бәсекеге қабілетті тұлғалармен толықтыру және мемлекеттік қызметке түсу процесін барынша жеңілдеті мақсатында көптеген шаралар іске асырылуда.

РКС:Өткен жылы Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің 3 түлегі мемлекеттік қызметке қабылданды. Солардың бірі – Әлімжан Жандарбеков. Ол былтыр пилоттық режимде конкурстық іріктеуден өтіп, бүгінде облыстық білім басқармасының оқу-материалдық базаны дамыту және нығайты бөлімінің бас маманы ретінде қызмет атқарады.

СНХ:ӘЛІМЖАН ЖАНДАРБЕКОВ, «ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ: Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі мен үшін мемлекеттік секторда қызмет ету жолында өзіндік бір бастама болды. Мұнда мен бәсекеге қабілетті болу дағдыларын меңгердім. Қазіргі менің жеткен жетістігімде Мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесі маңызды роль атқарды. Бүгінгі таңда жастардың мансаптық өсуі үшін барлық жағдай жасалып жатқаны қуантады.

РКС: Былтыр оқыту бағдарламасын толық меңгерген 23 студент арнайы тестілеуді жақсы тапсырып, қазір мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтуде.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ