ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында облыс бойынша ең үлкен мектеп ашылды. Білім ошағы 2 мыңға жуық оқушыны үшінші тоқсаннан бастап қабылдайды. Барлық заманауи стандартқа сай келетін 4 қабатты ғимарат "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында тұрғызылған.

РКС: "Жайлы мектепте" 96 оқу кабинеті бар. Сапалы білім алу үшін қажеттің бәрі жасалған. Мультимедиялық жабдықтар, интерактивті тақталар, STEM зертханалары мен робототехника кабинеттері оқушылар үшін жайлы әрі кең. Тағы бір ерекшелігі 4 спорт залы да бар. Блоктардың әрқайсысында коворкинг аймақтары қарастырылған. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін кедергісіз білім алу мүмкіндігі жасақталған.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ауылға бір оң серпін беріп отыр. Енді әрине ең бастысы – сапалы білім алу мәселесі. Толық жағдай жасалып отыр. Саналы тәрбие алуға. Және бұл жерде ауылымен қаланың айырмашылығын азайтуға толық мүмкіндік беріп отыр. Дәл қалай Астанада жабдықталған мектептер, дәл осылай осы Қоянды ауылында, басқа ауылдарда сол стандартпен толық жабдықталып отыр.

РКС: Жаңа мектепте 1984 оқушы білім алмақ. 86 сыныптың әрқайсысында стандарт бойынша оқушы саны 25-тен көп емес. Бұл мектепке оқушылар саны шамадан тыс көп болған осы ауылдағы екі білім ошағының мұғалімдері мен шәкірттері ауысып келуде. Болашақ түлектер бұл мектепке ауысуларының себебі тек орынның жетіспеушілігіне ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты болғанын айтуда.

СНХ: НҰРСАЯ СЕРІКҚЫЗЫ, ҚОЯНДЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Бір жағы – үйіме жақын орналасқандықтан келіп кету қолайлығы өте жоғары денгейде. Менің болашаққа жоспарым алдағы уақытта ұлттық бірынғай тестілеуде жоғары балл жинап, өзім қалаған мамандыққа грант алу боп саналады. Биология, химия бағыты тапсыру арқылы болашақта дәрігер болуды армандап отырмын. Дайындықтарым жүргізілуде.

СНХ: БЕКМҰРАТ БҰХАРАП, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл мектепте менің екі жиенім оқиды. Біреу 5-ші класста, біреу 2-ші класса. Енді немерелеріміз да осында оқиды. Оны мақтанышпен айта аламын. Осындай мектептер еліміздің түкпір-түкпірінде салыңып, халқымыздың болашақ келешек ұрпағымыз қазақ елінің ұрпақтар осында жақсы білім алып, өсіп, елімізді дамытуға үлкен үлесін қосуға зор ықылас тілеймін.

РКС: Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған бағдарлама оқу орындарындағы орын тапшылығын жоюға бағытталған. Оның басты міндеті –сапалы білім алу үшін тең жағдай жасау. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыруға бүкіл ел бойынша үкімет бюджетінен 1,5 трлн теңге бөлінді.

СНХ: ҒАБИТ МӘЛҒАЗДАРОВ, "SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: ҚР Президентінің тапсырмасына бойынша, Қазақстанда пилоттық ұлттық «Жайлы мектеп» деген жоба қазір іске асырылуда. Осы жоба бойынша бізде 208 мектеп қарастырылған. 208 мектеп ішінен 104 мектеп 2024 жылы аяқталды. Ақмола облысында жалпы осы жоба бойынша 9 мектеп қарастырылған. Қазір бізде Қазақстан бойынша 17 өңірде, 3 қалада мектептер салынып жатыр. Ақмола облысы ең бірінші толығымен осы ұлттық жобаны аяқталған.

РКС: Ақмола облысының жаңа мектептері оқушылар үшін жайлылықтың жарқын үлгісі. Облыс орталығында дәл осындай екі оқу орны үшінші тоқсанның басынан балғын көкшетаулықтарға есігін айқара ашты. Қалған заманауи 7 мектеп Целиноград ауданының елдімекендерінде салынған. 12200 орынға шақталған. Бұл ең алдымен осы өңірдегі білім беру жағдайын біршама жақсартпақ.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ