ДИКТОР: Облыста 561 медициналық ұйым бар. Оның 522-сі ауылдық жерде орналасқан. Өңірде 800 мыңға жуық азамат тіркелген. Оның 300 мыңдайы ауылда тұрады. Жыл соңына дейін медициналық 10 нысанды пайдалануға берілмек.

РКС: Биыл өңірде медициналық 2 ұйым жұмыс істей бастады. Оның бірі Целиноград ауданына қарасты Қызылжар ауылындағы «Сити емханасы», ал екіншісі Аршалы ауданының Жібек Жолы ауылындағы «Эндохирургия клиникасы».

СНХ: САЯТ ТОЛЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Көптеген бейіндер бойынша сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау басқармасы аудандық медициналық ұйымдарды облыстық ауруханаларға мен ауданаралық орталық ауруханаларға аймақтандыруды жүзеге асырды. Қазіргі уақытта медициналық көмек көрсетудің 2-ші және 3-ші деңгейі көпсалалы облыстық аурухана, №2 көпсалалы облыстық аурухана, Атбасар мен Степногорск ауруханалары деңгейінде көрсетіледі.

ГРАФИКА МӘТІНІ: Медициналық көмектің қолжетімділігі ауылдарда кадрлық ресурстардың болуына байланысты. Мәселен, былтыр аудандық және ауылдық медициналық ұйымдарда 215 медицина қызметкері тартылды. Дегенмен, аудандық денсаулық сақтау саласына 140-қа жуық дәрігер мен орта медициналық 160 персонал қажет.

ГРАФИКА:

2024 ЖЫЛЫ ТАРТЫЛДЫ - 215

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ

ДӘРІГЕРЛЕР - 139

ОРТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕРСОНАЛ - 160

РКС: Медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы бекітілді. Осылайша біраз мекемеге күрделі жөндеу жүргізілуде. Жаңа бөлімшелер ашылып, медициналық құралдармен жабдықталуда.

СНХ: САЯТ ТОЛЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бұл жоба ауылдық денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымын нығайтуға мүмкіндік береді, осылайша халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасы арттырылады. Осы жоба аясында 38 ауылдық медициналық нысанның құрылысы анықталды. Ол 14 дәрігерлік амбулатория, 21 фельдшерлік-акушерлік және 3 медициналық пункт. Қазіргі уақытта 28 нысан пайдалануға берілді. Осы нысандарды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалған 10 нысанды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

РКС: Қашықтан медициналық қызметтерді енгізу ауыл тұрғындарына осы саладағы көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі басты шараның бірі. Соның арқасында пациенттерге арнайы мамандарға барудың қажеті жоқ. Осылайша 50 мыңнан астам медициналық қызмет қашықтан көрсетілді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ