ДИКТОР: Облыс аумағында биыл 73 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеуден өтетін жобалардың 5-уі өтпелі, яғни келесі жылы да іске асырылады. Алған қалған білім ошақтарыныңда жаңғырту жұмыстары биыл оқу жылы басталғанға дейін аяқталмақ.

РКС: Биыл күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім ошақтарының бірі Көкшетаудағы нөмірі 2-ші мектеп-лицей. Бұл ғимарат 1969 жылы салынған, содан бері алғаш рет толық күрделі жөндеуден өтуде. Облыс орталығындағы іргелі білім ошақтарының бірі, қазір мұнда 2700-ге жуық оқушы білім алады. Қалпына келтіру жұмыстарына қазынадан 600 миллион теңгеден аса қаржы бөлінген.

СНХ: СВЕТЛАНА АХМЕТЖАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жоба-сметалық құжатқа сәйкес жөндеу жұмыстарының барлық түрі жүргізілуде. Нысанның төбесі, сырты, жылу, су, электр, канализация жүйесі толық жаңартылып жатыр. Едені ауыртырылуда. Терезелері 80 процент жаңартылды. Барлық жұмыстар жоспар бойынша уақытылы жүзеге асуда.

РКС: Облыс аумағында жөндеуден өтіп жатқан 73 мектептің 39-ында ағымдағы жөндеу өтуде. Тағы 20 мектепке реновация бағдарламасы шеңберінде жаңарту көзделген.

СНХ: НҰРЖАН ҚАБДУЛИНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 34 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. тағы 39 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған.

РКС: Күрделі жөндеуден өтетін жобалардың 5-уі өтпелі, яғни келесі жылы аяқталмақ.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ