ДИКТОР: Степногорск облыстағы жетекші өнеркәсіптік орталықтардың бірі ретіндегі орнын сақтап келеді. Жыл басынан бері қала кәсіпорындары 220 миллиард теңге сомасына тауарлық өнім өндірді. Ақмола облысындағы жалпы өнеркәсіп өнімін өндірудегі шаһардың үлесі 23 процентке жуық.
РКС: Жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 2 мың келіден астам алтын, 7,5 мың тоннадай подшипник, 550 тонна уран және 4 мың тонна мыс концентратын өндірді. Бұдан бөлек, 86,5 мың тонна күкірт қышқылы, 1,5 мың тоннаға жуық өсімдіктерді қорғау құралы, 246 миллион киловаттан астам электр энергиясы және 2 000 литрден аса спирт өндірілді.
СНХ: ГАЙДАР ҚАСЕНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Өңірде шағын және орта бизнес саласында 3 758 субъект жұмыс істейді. Жыл басынан бері 280 жаңа жұмыс орны құрылды. Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 5 жобаға 802 миллион теңгенің субсидиясы берілуде. Бөлшек сауда айналымы 10,9 миллиард теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 процентке артық.
РКС: Қаланың экономикасын дамытуға 8,5 миллиард теңге инвестиция тартылды. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша шамамен 15 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда.
СНХ: ГАЙДАР ҚАСЕНОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жалпы инвестиция көлемінің едәуір бөлігі кәсіпорындардың өз қаражаты екенін атап өткен жөн. Оның үлесі шамамен 90 процент. Биыл 28 миллиард теңгенің инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. "Soreka" компаниясының жоғары тазартылған марганец сульфатының моногидратын өндіру зауытының құрылысы. Жоба құны - 7,7 миллиард теңге. "KazakhAltyn Technology" компаниясының қалдық сақтау қоймасының құрылысы. Жоба құны - 9 миллиард теңге. "AKSU Technologies" компаниясының ұнтақтау-сұрыптау кешенін жаңғырту және кешенді кен-қиыршық тасты ұсақтау қондырғысын орнату жобалары. Бірінші жобаның құны - 5,6 миллиард теңге, екінші жоба - 1,3 миллиард теңге.
РКС: Халыққа әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Екі мыңнан астам адамға материалдық көмек берілді. 250-ден астам зейнеткер қалалық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына тұрақты барып жүр. Қарт адамдарды санаторлық-курорттық емдеуге 190 миллион теңге бөлінді. 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен толық қамтылды. Биыл 31 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, тағы 28 оқушы мектепті үздік бітірді. Қаланың мәдени және спорттық өмірінде бес ай ішінде 1300-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оларға 400 мыңға жуық адам қатысты.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ