ДИКТОР: Көкшетауда оқушылар арасында республикалық «Жас құтқарушы» слетінің екінші күні Жас құтқарушылар республикалық слетінің екінші күні командалардың тартысты жарыстарымен жалғасты. Қатысушылар өрт сөндіру, алғашқы медициналық көмек көрсету, кедергілерден өту сынды кезеңдерде өзара бақ сынады. Айта кетейік, төрт күндік жарысқа еліміздің әр түкпірінен 200-ге жуық құтқарушы өз өңірінің намысын қорғауға келді.
РКС: Слеттің басты мақсаты – оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрі шапшаң әрекет етуді үйрету, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және командамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Жарысқа республиканың түкпір-түкпірінен 20-ға жуық команда қатысып жатыр.
СНХ: ДӘУРЕН ДАНАЕВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ ӨРТ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Бұл «Жас құтқарушылар» слеті жыл сайын өтеді. Осы слеттардан іріктеліп, жүлдеге ие болған командалар халықаралық жарыстарға қатысады. Біздің мынау жас өспірімдерді жас кезінен мынау қауіпсіздік мектебі соған баулып, одан есейе келе өздеріне көмектесе алатын, өзінің қасындағы өрттен болсын, басқадан болсын басқа апаттардан қауіп төнген кезде олар жәрдем жасай алады.
РКС: Әр кезеңде қатысушылардың жылдамдығы мен дәлдігі ғана емес, өзара үйлесімділігі мен жауапкершілігі де ескерілді. Әділқазылар алқасы әр тапсырмаға мұқият баға беріп отырды.. Ал барлық қатысушылар үшін бұл күн жаңа достар тауып, пайдалы тәжірибе жинақтаған жарқын оқиғаға айналды.
СНХ:ИНАБАТ ӘНУАРБЕК, СЛЕТКЕ ҚАТЫСУШЫ (ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ): Алау командасынанмын. Сайыс кеше басталған өте керемет, өте қызықты болып жатыр. Өте тартымды сайыстардың бірі. Себебі әрбір команданың өзінің жігер, күштері бар. Осы жарыс арқылы біз өзіміздің әскери дайындығымызды, осы Қазақстанға деген намысымызды ояту арқылы осы жарыс күшті өтіп жатыр деп те айта аламын. Сонымен қатар осы командалардың ішінде ер намысты ерлер ғана емес, біз сияқты нәзік жанды қыздар да бар.
СНХ: ТЕМІРЛАН ҚУАТОВ, СЛЕТКЕ ҚАТЫСУШЫ (БАТЫС ҚАЗАҚСТАН): Командалардың дайындығы мықты. Және біздің өзіміздің қатысып жатқан жарыстарымыз және үйреніп жатқан заттарымызды бәрі толық дайындалып келіпті. Жарыс өте тартысты өтіп жатыр.Егер команданы айтатын болсақ, онда ел намысын қорғайтын балалар ғана емес, қыздар да бар екенін айтқым келеді. Бұл жарыстың мақсаты Қазақстан балаларын және қыздарын біздің елге деген патриоттығын ояту.
РКС: «Жас құтқарушылар» слеті – болашақта қауіпсіздік саласына қадам басатын жастарға берілетін алғашқы үлкен тәжірибе алаңы. Мұндай іс-шаралар жас буынды батылдыққа, ұйымшылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелейді.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ