ДИКТОР: Облыстық ардагерлер және Аналар кеңесі Ұлттық домбыра күні қарсаңында дүние есігін ашқан нәрестеге ұлттық кодымыздың айнымас бөлігіне айналған домбыраны сыйға тартты. Және осы күні "Ақ орамал" жобасы шеңберінде өмірге сәби әкелген барлық ананың басына ақ орамал тақты. Сонымен қатар дәл осы күні "Қоғамдық келісім" мекемесінде домбыра үйірмесі ашылды.
РКС: Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Кішкенекөл ауылының тумасы Айымгүл Жазизова ұлттық домбыра күні қарсаңында 6-шы баласын өмірге әкелді. Осылайша ол 1 қыз, 5 ұлдың анасы атанды. Ұлттық домбыра күні қарсаңында көпбалалы ананы облыстық ардагерлер және Аналар кеңесінің мүшелері құттықтап, игі тілектерін білдірді.
СНХ: АЙНҰР ЖАХИНА, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Қазақтың қара домбырасы күні облыстық перинаталдық орталыққа келіп отырмыз. Облыстық аналар, ақсақалдар кеңесі қосылып, көпбалалы отбасында 6 нәрестеміз дүниеге келген екен. Сол нәрестемізге қазақтың қара домбырасын сыйлап, "Ақ орамал" жобасы аясында ақ орамалды сыйға тартып жүрміз.
РКС: Халқымыздың дәстүріне сай ана мен сәбиге үлкендер бата беріп, көрімдік тарту етті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Облыстық перинаталдық орталықта осы күні 4 нәресте өмірге келген. Олардың 1-еуі ер бала, 3-уі қыз.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ұлттық домбыра күні аясында "Қоғамдық келісім" мекемесі жанынан домбыра үйірмесі ашылды. Оған облыстық ішкі саясат басқармасы, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық құрылым мүшелері қатысты.
СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Мемлекет басшымыз айтқандай қазақ пен домбыра ол егіз ұғым. Әрбір күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Әр қазақ үшін домбыра құнды қазына. Домбыра күні барлығымызға құтты болсын!
РКС: «Домбыра – ұлт қазынасы» жалпыұлттық жобасы аясында өтіп жатқан салтанатты шарада үйірме жетекшісі Роман Борисовскийге домбыра тарту етілді. Жиналғандар домбыра және Ұлттық киім көрмесін тамашалады. «Балақай» шығармашылық студиясы «Шаттық» домбырашылар ансамблінің мүшелері бірнеше шығарма орындады.
ИНТЕРШУМ:
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ