ДИКТОР: Бұл – жай ағаш емес. Бұл – қазақтың жаны, сары даладай сазды үні бар, ғасырлардан сыр шерткен киелі аспапқа айналатын ағаш. Бұл – домбыра. Ал оны сөйлететін адам – шебер. Домбыраның қазіргі нарықтағы құны 70-400 мың теңге аралығында. Аспаптың құны жасалатын материалына тікелей қатысты болатыны анық. Домбыра – қазақтың үні. Ал оны жасап, жан бітіретін осындай шеберлер – халқымыздың тірі қазынасы. Дәл осындай шебермен тілдесіп қайтқан әріптесіме сөз беремін.
РКС: Ағаш сөйлей ме? Сөйлейді.Тек оны сөйлететін жүрек пен шеберлік керек. Қазақтың қара домбырасын жасаған шебердің қолы сондай – үнсіз ағашқа үн, тілсіз аспапқа жан бітіреді. Көкшетау қаласының тұрғыны Самат Қадыралин ағашпен тілдескен, күймен үндескен жан. Ол үшін әр тал шеберханаға ағаш күйінде емес – болашақ домбыра күйінде келеді. Жай ғана аспап емес – даланың демі, ананың әлдиі, елдің үні. Домбыра жасау – мен үшін кәсіп емес. Бұл – тағдыр. Әр домбыра – менің баламдай. Қолымнан шыққан сайын, бір бөлігім сонымен бірге кетеді,-дейді шебер. Ауласының ішіндегі шағын шеберханасынан шықпай немерелеріне домбыра жасауды үйретумен қатар, құдыретті сырына баулып келеді.
СНХ:САМАТ ҚАДЫРАЛИН, ДОМБЫРА ШЕБЕРІ: Сол мінеки биыл 35 жыл болды домбыра істегеніме. Домбырамызды керек деп жатыр. Керек болған соң, істеп жатырмыз. Сатып жатырмыз. Мінекей, сол домбыраның, сондай өзі домбыралардың бірін – міне, жасап жатырмын. Фаршированный граф дейді қарағаш. Қарағаш түрлі-түрлісі бар. Жаңғақ бар. Жасаймыз. Эбэм қолданамыз. Бук дейді, емен, оны да қолданамыз. Домбыраның бағалары әртүрлі. Салған ағашына байланысты. Мысалы, қымбаттау ағаш салсам, сондықтан, бағасы да қымбаттау болады. Бірақ, былай кейбір кезде қымбат-қымбат ағашты аламын да, домбыра шықпай қалса, құны жоқ болып шығады. Ондай да болады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Домбыра – қазақтың жан сыры. Ал шебер – соны тыңдап, үнін тауып беретін құпия иесі. Шебер әр ішекті тартқанда – күйдің жүрек соғысын тыңдайды. Әр шанаққа жан бітіп, үн қосылады. Домбыра – үнсіз тұрғанымен, сөйлей алады.Ал шебер – үнсіз отырып, тарих жазады. Бұл – шебер мен домбыра арасындағы тылсым сыр.Оған тек жүрекпен ғана жақындауға болады. Шебердің шеберханасына келушілер көп. Бірі – көне домбырасын жаңартуға, бірі – жаңа аспапқа тапсырыс беруге келеді. Ол әр домбыраны ерекше ықыласпен, қазақтың ән-күйін, болмысын сезініп жасайды. Мына домбыраны тартқанда, ішегінен нағыз қазақ даласының үні естіледі. Жан дүниеңе әсер етеді. Түрлі байқауда оза шауып,бүгінде Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында оқып жатқанымның өзі осы домбырамен тікелей байланысты дейді,-шебердің қолынан шыққан ең қымбат 3 домбыраның біреуінің иесі Әділ.
СНХ: ӘДІЛ ТӘУКЕ, ДОМБЫРАШЫ: Осы қолымдағы тұрған домбыра Самат ағамыздың домбырасы. Ағашы амарант. Осындай Қазақстанда 3 қана домбыра бар. Осы домбыра ерекшеліктері күмбірі және өте сапалы жасалған. 2015 жылы маған осы домбыраны Самат ағамыз жасап беріп, сол кезден бастап облыстық, республикалық конкурстарда осы домбырамен шығамын. Папамның көзі. Бірінші байқауымда мен осы облыстық конкурс болды. Ол кезде 2-3 сынып оқимын. Сол кездерде екінші орын алдым. Және де республикалық конкурсқа өтіп, республикалық конкурстан бірінші орын алдым. Содан солай конкурстарға қызығушылық пайда болып, дайындалып, қатыса беріп лауреаттық атақ әкелдім.Бұдан бөлек көптеген концерттерге қатыстым.
РКС: Шебер тек домбыра жасамайды – ол рухты жаңғыртады.Қазақ болмысының үніне айналған аспапты болашақ ұрпаққа табыстайды.Ұрпақ пен ұлы мұраның арасын жалғап тұрған алтын көпір – осы қолөнер иелері. Себебі ол өнерді ағаштан емес, жүректен ойып жасайды. Ал жүректен шыққан дүние – ешқашан өлмейді.
ИНТЕРШУМ:
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ