ДИКТОР: Көкшетауда жасөспірімдер арасында самбодан ашық турнир өтті. Жарысқа еліміздің әр түкпірінен келген 250 спортшы қатысты.

РКС: Сайыс көрермендер үшін тартысты өтті. Жас спортшылар жас ерекшеліктеріне қарамастан, дайындықтарының мықтылығы мен табандылығын көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазір жастар арасында самбо спортына қызығушылық артып келеді.

СНХ: АМАН ЕРМҰХАНОВ, «BOLASHAQ SARAYI» МЕКЕМЕСІ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл шараны қатарынан екінші жыл өткізіп отырмыз. Басты мақсат самбо спортын кеңінен насихаттау және оны федерациямен бірлесе дамыту. Болашақ Сарайы атынан балалардың спортпен көбірек айналысуы үшін осындай зал мен төсеніштерді ұсынып отырмыз.

РКС: Жаттықтырушылар мұндай турнирлер дарынды самбошыларды анықтауға мүмкіндік беретінін айтады. Алдағы уақытта спортшылар республикалық және халықаралық біріншіліктерге жолдама алып, жаңа белестерді бағындырмақ.

СНХ: ЕРМЕК ӘБДІРАХМАНОВ, САМБО ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ (АСТАНА ҚАЛАСЫ): 18 бала алып келдім күресуге, 18 баладан қазір 29 және 35 киллограм финалға өтті. Бұл біріншіден, балалардың күшін дамыту, самбо күресін артыру сол бағытта жұмыс жасалады, алдымызда келіп жатқан Чемпионат Казахстанға іріктеу соған балаларды дайындап жатырмыз. Осы жылы жетістіктерімізді артыруға келгенбіз.Жарыс өте жақты ұйымдастырылған медаль жағынан, кубок жағынан. Самбо күрес дамыйберсін. Мықтылары женіс жұлып алсын дейміз.

РКС: Бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде самбо белсенді түрде дамып келеді. Қазір елімізде 10 мыңнан астам спортшы осы спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Ал мұндай турнирлер самбоны кеңінен насихаттап, спорт түрінің дамуына зор үлес қосатыны анық.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖАНДОС САЙЛАУ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ