ДИКТОР: Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ақ тілек: 30 жұпқа бақыт сыйлау» жобасы мәресіне жетті. Аналар кеңесінің бастамасымен жүзеге асқан бұл игі шара отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

РКС: Қазіргі қоғамда отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамыту – аса өзекті мәселе. Осы мақсатта биыл «Ақ тілек: 30 жұпқа бақыт сыйлау» жобасы қолға алынып, жас отбасыларға ұлттық тәрбиенің мәні түсіндірілді. Жоба аясында «Аналардан бата беру» рәсімі ұйымдастырылып, «Әжелер мектебінің» ақ жаулықты аналары жас келіндерге ақ орамал тағып, ұлттық салт-дәстүрлер насихатталды.

СНХ:АЙНҰР ЖАХИНА, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

РКС: Отбасы – қоғамның негізгі тірегі. Сондықтан оны сақтау, дамыту – тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ парызы. Жақында ғана отау құрған Темірбаевтар әулеті де осы жобаның қатысушыларының бірі. Жас жұбайлар ұлттық құндылықтарды берік ұстанып, дәстүрге сай өмір сүруді мақсат етеді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АБЗАЛ ТЕМІРБАЕВ, «АҚ ТІЛЕК» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

РКС: Айта кетейік, бүгінде өңірде 100-ден астам Аналар кеңесі белсенді жұмыс істейді. Олар жыл бойы сан түрлі бағытта шаралар өткізіп, отбасы құндылықтарын насихаттауды жалғастырып келеді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА,АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ