ДИКТОР: Бүгін Ұлттық Ұланның 55-те 10-шы әскери бөлімінің 300-ге жуық сарбазы Отан алдындағы борышын өтеп, запасқа шығарылды. Олар бөлімшенің негізгі құрамында және түрлі дислокацияланған бөлімшелерде міндетін атқарды. Әскери бөлімнің басшылығы озат әскери қызметшілерді марапаттап, 14 сарбазға жоғары оқу орнына түсуге сертификат табыстады. Салтанатты шарадан тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ұлттық Ұланның сапында мерзімді қызмет атқарған сарбаздары түнгі уақытта қаланы патрульдеу арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосты. Әскери бөлімнің командирі Берік Қожахметов қызмет кезеңінде көптеген әскери қызметшілер батылдығымен және қайсарлығымен көзге түскенін атап өтті.
СНХ: БЕРІК ҚОЖАХМЕТОВ, №5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ: Мемлекетіміздің басты Заңының 26-бабында «Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы» деп айтылған. Биыл сіздер Отан алдындағы борыштарыңызды өтеп, қызметтік-жорық тапсырмаларды орындадыңыздар, түрлі техниканы меңгеріп, жаттығулар мен күнделікті сарбаздық өмірде әскери шеберлікке жеттіңіздер.
РКС: «Срочник 2.0» бағдарламасы бойынша 14 сарбазға жоғары оқу орнына түсуге сертификат табысталса, тағы 7 әскери қызметші «Воин-спортсмен» төсбелгісіне ие болды. Ал тәртібімен көзге түскендерге ефрейтор атағы берілді. Міндетті әскери борышын өтеп, туған жері Түркістан облысына аттанғалы тұрған сарбаз Ернар Төлегеннің де жетістіктері мол. Айтысқа қатысып, жүлдегер аттанды. «Жігіт Сұлтаны-2025» байқауға қатысып, 1-ші орынды иеленді.
СНХ: ЕРНАР ТӨЛЕГЕН, ЕФРЕЙТОР: Қазір өзімнің әскери борышымды аман-есен аяқтап, санаулы күндер үйге қайтуға. Соны күтіп жүрміз. Борышымды өтеу барысында ешқандай қиыншылдықтар болған жоқ. Барлық офицерлер, сержанттары бар ақылын айтып, білмегендерімізді үйретіп, барынша көмектесті. Жасаққа түскен күндері кішкене ұйқы қинайды, басқа бәрі тамаша. Еліме оралған соң үлкен ниеттер бар. Әндер жазсам деп, өнер жолымда болғаннан кейін.
РКС: Қарағанды қаласының тумасы, медицина саласының болашақ маманы Жандос Айтмұқан да өз тәртібімен көзге түскен сарбаздың бірі. Оған да ефрейтор атағы берілді.
СНХ: ЖАНДОС АЙТМҰҚАН, ЕФРЕЙТОР: Мен үшін бір жыл өте тез өтіп кетті. Бригаданың бір орынбасары «Бастысы қызметті абыроймен атқарыңыздар, бұл кезеңнен де өтетін кез келеді» деген еді. Әрине, бастапқыда қиындықтар бәрімізде де болды. Бейімделу, басқа қалалардан келген, менталитеті басқа адамдармен қарым-қатынас орнату бірден оңай емес. Медициналық білімімді аяқтамай кеткен едім. Үйге оралған соң бірден колледжге барып, оқуымды жалғастырамын. Астанаға ауыспақшымын.
РКС: Сонымен қатар, 10 сарбазға әскери бөлімнің Жауынгерлік Тумен бірге түсірілген естелік фотосурет берілді. Мұндай құрмет олардың адал және жауапкершілікпен атқарған қызметін айғақтайды. Салтанатты шара сарбаздардың өз күшімен дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
ИНТЕРШУМ:
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ