ДИКТОР: Аймақтағы су ресурстарының сапасында ауыр металдар, бактериялар мен темір бар ма? Дәл қазір оны Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері зерттеп жатыр. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерінің талаптарына сәйкестігі де зерделеніп, қазақ тілін қарапайым әрі қызықты түрде меңгерудің жаңа шешімдерін ұсынуда. Жоғары оқу орнында PhD атағы бар 15 жас ғалым еңбек етуде. Оқытушылық құрамның жалпы санының үштен бір бөлігі жас зерттеушілер.
РКС: Гүлгүл Ысқақова қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы. Ғылыми-зерттеу ісімен айналысып жүргеніне он жылдай уақыт болған. Соңғы жылдары ғалым бірнеше ғылыми жобаға жетекшілік етеді. Мемлекеттік ғылыми шәкіртақының иегері. Қазір зерттеу тобымен бірге қазақ тілін мейлінше қысқартылған тәсіл бойынша, қызықты етіп әрі қазақ әдебиетінен заманауи анимациялық суреттер арқылы меңгеруге қатысты жобаны жүргізіп жатыр.
СНХ: ГҮЛГҮЛ ЫСҚАҚОВА, PHD ДОКТОРЫ: Біріншіден, бұл қазақ тілін оқытудың тиімді жолдарын қарастыру, инновациялық жолдарын қарастыру, өйткені қазір тіл үйренушілер өте көп әлемдік, әлемдік тұрғыдан да қазақ тіліне деген үлкен қызығушылық туып отыр, сол себепті оны ұстаз ретінде оқытушы ретінде. Қажетті аудиторияны дұрыс ұсына білу ол үлкен өнер деп санаймыз және біздің. Тіл үйренушілердің деңгейін саралай келе, талдай келе біз көріп отырмыз, оларға жаңа бір бағыт жаңа бір тенденциялар қажет дейді. Осы жобаны ұсынған болатынбыз, бұл жерде Выбор деңгейіне келген тіл үйренуші өзінің жаңағы тілдік дағдыларына. Әрі қарай жетік үйрену үшін біз бейімделген мәтіндерді ұсынамыз, бұл мысалы ағылшын тіліне. Түркі тілін үйренуде. Өте көп қолданылады адаптированный текст деп жатады ғой, иә, сондықтан белгілі бір көркем әдебиетті. Тіл үйренушінің тілдік деңгейіне қарай соған қарай біз соған бейімдеп бейімделдік. Мәтінді ұсынамыз, бұл тіл үйренуде үлкен жаңағы. Әлемдік жаңағы методологияны зерттейтін болсақ, комикс арқылы оқыту.
РКС: Университетте «Судың сапасы» ғылыми-зерттеу зертханасы ашылды. Қазір ол жерде үш жас ғалым жұмыс істеп жатыр. Жоғары оқу орнының басшылығы жан-жақты қолдап, зертаханда жүргізіліп жатқан барлық жұмысқа жетекшілік етуде. Кеңсенің ішінде зерттеу жүргізу үшін судың құрамы мен сапасын бағалайтын арнайы құрылғы бар.
СНХ: ЮСУП НОГОЕВ, «СУДЫҢ САПАСЫ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Университет жеңіп алған соңғы жобаға біз қатысып жатырмыз. Зертхана ретінде экологиялық мониторингпен айналысамыз. Судың жай-күйін, біздің өңірдегі судың бетін, егістік алқаптарды, Құмдыкөл, Қопа көлдерінің үстін зерттейміз. Соңғы ішкі жоба Қопа көлі мен Шағалалы су қоймаларымен тығыз байланысты болды. Оның қазіргі жай-күйін, темір, ауыр металлдардың барын қарадық. Біздің құрал-жабдықтың арқасында барлық мәліметті қарай алдық, қазір сонымен жұмыс істеп жатырмыз.
СНХ: ЭЛЬДАР БАГАПОВ, ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР: Қазір біз ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру кезінде химиялауды қысқарту мәселесімен айналысып жатырмыз. Биологиялық препараттарды қолдану тәсілін ұсынамыз. Соның бірі биомугус. Ол жауын құрттарының көмегімен органикалық қалдықтарды қайта өңдеу өнімі. Жауын құрттары кез келген органикалық қалдықты қайта өңдей алады. Ірі қара мал терісін, сабанды, тамақ қалдықтарын, картон қағазын, бір сөзбен айтқанда кез келген затты жоғары тиімді тыңайтқышқа айналдыра алады. Ал онда өсімдіктердің өсуі мен дамуына қажет азоттың қажетті мөлшері бар.
РКС: Ғалымдар үшін өткізілетін конкурстарда жобаларын қорғайды. Кейін оны жүзеге асыру үшін гранттық қаржыландырылады. Бұдан бөлек, жас ғалымдарға түрлі кездесулер, республикалық және халықаралық конференциялар да ұйымдастырылады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ