ДИКТОР: Көкшетауда қылмыстық істер 20 ппроцент төмендеді. Мұндай нәтижеге құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздік шараларын күшейту және халықпен тығыз жұмыс жүргізу арқылы қол жеткізіліп отыр. Қаладағы қылмыстың азаюына учаскелік инспекторлардың еңбегі зор.

РКС: Учаскелік инспекторлардың жұмысы оңай емес. Түрлі заң бұзушылықтарға жедел әрекет етумен бірге олар өзге де көптеген мәселені шешуге атсалысады. Өздеріне бекітілген аумақты аралап тексеру, тұрғындармен кездесу, профилактикалық жұмыстар жүргізу. Тілек Қожанов учаскелік инспектордың басты міндеті – құқық бұзушылықтың алдын алу,-дейді.

СНХ: ТІЛЕК ҚОЖАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ: Біз интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында көптеген жұмыс жүргіземіз. Заң бұзушылық фактілердің алдын алу үшін тұрғындарға ескертулер мен жадынамалар таратамыз. Үйлердің ауласында «Қазақтелеком» мен жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары бар. Бұл қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтарды ашуға көмектеседі.

РКС: Тәртіп сақшылары аулаларда кездесулер өткізеді. Тұрғындармен бірлесіп, оларды толғандырған мәселелерді талқылайды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде саналы және адал қала азаматтарының үлесі ұлан ғайыр,-дейді инспектор. Олар құқық бұзушылықты дер кезінде анықтап, жоюға көмектеседі.

СНХ: САРА НАҒҰМАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біздің учаскелік инспектор әрдайым байланыста. Соның арқасында қазір бізде тәртіп орнады. Полиция қызметкерлері кез келген істі уақытылы орындап, бізге әрдайым көмекке келуге әзір. Кез келген жағдайда, әр уақытта біз ең алдымен учаскелік инспектордың көмегіне жүгінеміз. Оның байланыс нөмірі бізде бар. Көршіде бір жағдай бола қалса да, біз дереу инспекторға хабарласып, шақырамыз. Ол дер кезінде әрекет етеді.

РКС: Биыл Көкшетауда интернет-алаяқтық 35, ұрлық деректері 23, ал бұзақылық фактілері 90 пайыз төмендеді. Мұндай нәтижеге құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және полиция көмегінің қолжетімділігі қағидатын енгізу арқылы қол жеткізілді.

НХ: АЗАМАТ МЕТАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Соңғы бір жылда Көкшетау қаласында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында үлкен жұмыс жүргіздік. Бұл жүйелі профилактика, күшейтілген патрульдеу және халықпен тығыз байланыс орнатудың нәтижесі. Учаскелік инспекторлардың үлесін ерекше атап өткім келеді. Олар тұрғындармен күнделікті байланыста болып, өз аумақтарындағы жағдайды жақсы біледі және арыз-шағымдарға жедел әрекет етеді.

РКС: Биыл облыс орталығында «Көкшетау – қауіпсіз қала» жобасы жүзеге асырылуда. Бастама аясында қалаға 243 бейнебақылау камерасы орнатылды. Жастар мен кәмелеттік жасқа толмағандар арасында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.