ДИКТОР: Ақкөл қаласында «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» республикалық қорытынды форум өтті. Форумға еліміздің әр түкпірінен 400-ге жуық белсенді нәзік жандылар мен кәсіпкерлер жиналды. Шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, «Ауыл» партиясы мен Ақмола облысының әкімдігі ұйымдастырды. Форумды өткізудегі негізгі мақсат - ауыл әйелдерінің әуелетін арттырып, көшбасшылық қабілетті дамыту. Сондай-ақ, халықты ауыл экономикасын ілгері тартатын шағын және орта бизнес ошақтарын қалыптастыруға шақыру.

РКС: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аймақтардың тұрақты дамуына бағытталған саясатын іске асырудың мақсатында қалыптасқан форум бұған дейін еліміздің 4 ірі аймағында Атырау, Алматы, Павлодар және Қызылорада облыстарында өтіп, біздің өңірде қорытындыланды.

СНХ: ӘЙГЕРІМ СӘРСЕНБАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жалпы бізде көтеріліп жатқан мәселелер әйелдердің құқықтық сауаттылығын арту мәселесі бойынша, сонымен қатар ауылдық әйелдердің кәсіпкерлігін, әуелетін жалпы арттыру бойынша сол бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Соның ішінде өзінің кәсібін бастау үшін қандай мемлекеттік қолдаулар бар, соны айту бойынша да бізде ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дәл осы форумдар ауылда өтуінің де бір себебі осы.

РКС: Бірнеше аймақта өткен форумға жалпы 1500-ден астам нәзік жанды қатысты. Онда олар комиссия мүшелеріне өздерін толғандырған мәселелерін ашық айтты.

СНХ: ЛӘЗЗАТ СҮЛЕЙМЕН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Республика, облыс көлемінде өтіп жатқан шаралар көп ауылдарға жетпей жатады. Оның ішінде бизнесс ашамын деген әйелдер, саясатқа араласымын деген әйелдер, бала мен ана мәселесіне байланысты, зорлық зомбылыққа қатысты ауылдар шет қалып жатыр. Осы мәселелерді ауыл әйелдері біздің алдымызға нақты қойып отыр. Сондықтан, ауыл әйеліне бағытталған жобалар болу керек. Соған белсенді әйелдерді тартып, солар арқылы басқа әйелдерге ықпал етуді ойластыруымыз керек. Және үлкен мәселе ұлт мәселесі. Рухани құндылықтарды сақтай отырып, қазіргі заманға сай ауыл әйелінің орнын қалыптастыру. Осыған байланысты жұмыстар жасалу керек.

РКС: Ақмола облысының аумағында түрлі салада еңбек ететін нәзік жандылардың үлесі де біршама. Еңбек заң саласында 30, өнеркәсіпте 24, шаруа қожалығында өңір әйелдерінің 15 пайызы жемісті жұмыс істеп жатыр. Әйелдің қоғамдағы ролі жөнінде Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов ерекше атап өтті.

СНХ: ЕРБОЛАТ САУРЫҚОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Соңғы жылдары саясат мінбері болсын, кәсіпте болсын, мемлекеттік қызметтерде болсын аудандық, облыстық, қалалық мәслихаттар мен парламент қабырғасында болсын біздің әйел азаматтарымыз көбейді. Өйткені шын мәнінде ана мен баланың, әйелдердің құқығын қорғау туралы заңдар қабылданды. Осының барлығы жалпы алып келген кезде жалпы әйелдерін қауымын барлық бағыттағы жұмыстарға тікелей ат салыстыру болып табылады.

РКС: Шара аясында форум қонақтарының назарына өңір қолөнершілері бұйымдарының көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ, форум соңында қазақ дизайнерлерінің ұлттық нақыштағы киім үлгілері көрсетілді.

ИНТЕРШУМ:

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ