ДИКТОР: Ақмолалық дәрігерлер шетелдік студентті туберкулезден толық емдеп, оның денсаулығын 8 айдың ішінде қалпына келтірді. Тілшіміз жалғастырады.
РКС: Өкпе дертіне шалдыққан үндістан азаматы Али Мухамед Фазил – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 5-курс студенті. Қауіпті дерт бірден анықталмаған. Тек биыл сәуір айында рентгенологиялық тексеріс барысында белгілі болғанын айтады.
СНХ:АЛИ МУХАМЕД ФАЗИЛ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бұл жаңалық мен үшін мүлдем күтпеген жағдай болды. Қорқып қалдым, не істерімді білмедім, әсіресе бөтен елде жүргенде. Маған мұнда тегін ем алуды ұсынды. Ем аяқталған соң оқуымды жалғастырамын. Қазір бесінші курстамын, пульмонолог болғым келеді. Айтарым – бұл диагноздан қорықпаңыздар, уақытында емделіңіздер.
РКС: Студентке «Игілік» қоғамдық қоры арқылы көмек көрсетілді. Қор халықтың осал топтары арасында туберкулездің алдын алу бағытында жұмыс істейді. Мамандар Алиге кеңес беріп, қалалық емханада емдік шараларды қабылдауға жіберген.
СНХ: АЛИАНА ДӘУЛЕТХАНОВА , «ИГІЛІК» «ИГІЛІК» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ АУТРИЧ-МАМАНЫ: Бізге жүгінген соң оны оны фтизиатрдың қабылдауына жібердік. Сол тексерістен кейін оған Genexpert әдісі арқылы туберкулез диагнозы қойылды.
РКС: Алиде туберкулездің жеңіл түрі анықталып, ол 8 ай бойы үй жағдайында дәрі қабылдаған. Әр қабылдау сәтін видеоға түсіріп, емдеуші дәрігеріне жіберіп отырған.
СНХ: ТАМИЛА ШАЯХМЕТОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ФТИЗИАТР ДӘРІГЕРІ: Ол тікелей бақыланатын ем кабинетінен дәрілерін алып, үйінде қабылдап отырды. Әр апта сайын келіп, келесі дозасын алып отырды. Сегіз айдың ішінде рентгенологиялық оң нәтиже алдық. Өкпе жоғарғы бөліктеріндегі өзгерістердің барлығы толықтай ыдырап кетті.
РКС: Жалпы, биыл өңірде туберкулездің 237 жаңа жағдайы тіркелген. Аурушаңдық деңгейінің көрсеткіші 5,9 процент төмендеді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, КӨКШЕ АҚПАРАТ