ДИКТОР: Аймақта үстел теннисі спортына қызығушылық жыл санап артып келеді. Зеренді ауданында жаңа үстел теннисі орталығы ашылды. Енді орталық жастар арасында үстел теннисін дамытып, болашақ чемпиондарды тәрбиелуді көздеп отыр. Осы ретте үстел теннисінен ауданның 90 жылдық мерейтойына арналған облыстық ашық турнир өтті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бұл үстел теннисінен Зерендіде ашылып отырған жалғыз орталық. Енді әуесқой спортшылар орталықта баптанып, жаттыға алады. Ал үш күнге созылған спорттық додаға Көкшетау мен Степногорск қалаларынан, сондай-ақ Бұланды, Сандықтау және Зеренді аудандарынан түрлі жас санатындағы спортшылар қатысты.

СНХ: ҚАЙЫРБЕК ҚАЛИБАЕВ, АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 12 команда арасында, яғни 4 ауданнан командалар келіп қатысуда. Жалпы балалар саны 80-ге жуық. Аталған үстел теннисі орталығында 26-шы жылдан бастап аудан, облыс, республика және халықаралық деңгейде жарыстар өткіземіз деген мақсат қойып отырмыз. Жарыстарымыз үлкен деңгейге жетіп, үлкен көрсеткіштерге жеткізеді.

РКС: Тартысты ойын қорытындысы бойынша жеке есепте ерлер арасында көкшетаулық Жанарыс Нұршәріп пен зеренділік Ақарыс Нұршәріп үздік деп танылса, қыздар арасында ауданның намысын қорғаған Алина Төлеген, Жанайым Қайыргелдинова мен Әнел Бағдат алдыңғы қатарға шықты. Ал командалық есепте 1-ші орынды – Зерендідегі мектеп-гимназия жеңіп алды. 2-ші орынға – Бәйтерек мектебі лайық деп танылды. Ал 3-ші орын Дөңгілағаш мектебіне бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота және кубоктармен марапатталды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ