ДИКТОР: Токиода киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 42 елден 850 спортшы келіп, татамиге шықты. 21 жасқа дейінгі ақмолалық спортшылар жарыста үздік өнер көрсетіп, командалық есепте жүлдегерлер қатарынан көрінді.
РКС: Халықаралық турнирге Қазақстаннан 110 спортшы қатысса, соның 8-ші ақмолалық. Турнир жоғары деңгейде өтті. Себебі әлем біріншілігіне әр елдің мықты, тыңғылықты дайындықпен келген каратэшісі жиналды.
СНХ:АЗАМАТ ТӘКЕНОВ, КАРАТЭ КИОКУШИНКАЙ-КАН БОЙЫНША СЕНСЕЙ: Біз жаздан бері бастадық осы, дайындықты апрель айында іріктеу өттік енді. Сосын шілде айынан бастап, біз дайындық пен сборымен айналыстық. Қазан айында видеопросмотр жасадық қарсыластармыздың. Мысалы, kumite technology программа бар сол жереде заявка тастап, сол жерден көресін, кім мен кім төбелесесін, Youtubе-тан қарап алдық, қандай тактиканы қолданатының, спортшыларымен әнгімелестік, спортшылар «психологическая устойчивость» дейді ғой сол жағынан жақсы болды дайындық.
РКС: Тимуджин Бектұрғанов 15 жасқа дейінгі санаттағы болашағынан зор үміт күттіретін спортшының бірі. Ол әлем чемпионатына ілігу оңай болмағанын айтады. Ұзақ та тыңғылықты дайындықтан кейін біліктілік турнирінде үшінші орынды еншілеп, әлем біріншілігіне қатысуға жолдама жеңіп алды. Әлем чемпионатында Тимуджин барлық жекпе-жекте жеңіске жетіп, алтын медаль еншіледі.
СНХ: ТИМУДЖИН БЕКТҰРҒАНОВ, КАРАТЭШІ: Қазір жасым 14-те. Мен – әлем чемпионымын. Токиоға алғашқы сапарым. Қатты толқыдым. Дайындық кезеңі өте ауыр болды. Жаттықтырушыма алғысым шексіз. Ол маған моральдық тұрғыдан да, физикалық жағынан да көп көмектесті. Себебі әлем чемпионатына алғаш рет қатысу – үлкен жауапкершілік. Ал оған психологиялық тұрғыдан дайындалу оңай емес. Әлем чемпионатына бару арманым еді. Болашаққа деген мақсатым айқын. Әрі қарай да талмай еңбектеніп, жаңа биіктерді бағындыруға ниеттімін.
РКС: Еркежан Қиямидан 7 жасынан бері каратэмен айналысады. Әлем чемпионатына екінші рет қатысып келді. Бұл жолы Еркежан қола медальға ие болды. Жас каратэшінің алтын иеленуіне аз ғана ұпай жетпей қалды.
СНХ: ЕРКЕЖАН ҚИЯМИДАН, КАРАТЭШІ: Маған осы әлем чемпионаты өте қатты ұнады. Жарыс жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Мен өз еліме қатты жанкүйер болдым.+скл+Өз елім үшін қатты уайымдадым.
РКС: Сергей Духов әлем біріншілігінде күміс жүлдені жеңіп алды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ол жасөспірімдер арасында ең үздік спортшы атанды.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖАНДОС САЙЛАУ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШ АҚПАРАТ.