ДИКТОР: Аймақта жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпті жүргізуші» республикалық акциясы басталды. Алғашқы күннің өзінде 300-ге жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Акция барысында жылдамдықты шамадан тыс арттыру, қарсы жолаққа шығу, мас күйінде көлік жүргізу сынды өрескел құқық бұзушылықтарды анықтау үшін рейдтік шаралар күшейтілді. Тәртіп сақшылары жүргізушілердің жол белгілерін елемеуі мен талаптарды орындамауына қатысты бірнеше деректі тіркеді.
СНХ: ДАНИЯР АМАНЖОЛ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Акцияның алғашқы күндері сәлемдеме тасымалдап жүрген есірткі әсерімен көлік басқарып жүрген жүргізуші ұсталғаны осындай рейдтердің өзекті әрі орынды екенін айқын дәлелдейді. Тек бірінші күннің өзінде 244 жол ережесін бұзу фактілері тіркеліп, мас күйінде рульге отырып, 4 жүргізуші ұсталған. Көлік басқару кезінде жүргізуші куәлігі жоқ 6 адам.
РКС: Акция барысында қоғам белсенділері де полиция қызметкерлерімен бірге жүргізушілерге жол ережелерін түсіндіріп, ақпараттық брошюралар таратты.
СНХ: АРМАН ТАСТАМБЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Шараның мақсаты – көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауына назар аударту, әсіресе жаяу жүргіншілер жолында қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Акция арқылы жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және көлік қозғалысын қауіпсіз ету маңызды.
РКС: Мамандардың айтуынша, мұндай рейдтер жол-көлік оқиғаларының алдын алып, заң бұзушылықты азайтуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, акция желтоқсанның 7-сіне дейін жалғаспақ.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ