ДИКТОР: Домбыра - жай ғана музыкалық аспап емес, ол қазақ халқының мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Оның үні - орындаушылардың саусағының қимылы арқылы өмірге келетін тірі тарих. Бүгінде домбыраның сазды әуені түрлі ұлт өкілдерінің жүрегінен орын табуда. Домбыраны тек өнер құралы емес, саналы шығармашылық таңдау ретінде қабылдаған екі орындаушының тарихы туралы бүгінгі сюжеттен көріңіздер.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Юрий Кочетыгов Біржан сал атындағы музыка колледжінің «Аспаптық орындаушылық» мамандығы бойынша аяқтаған. 10 жасында домбыраны алғаш қолына ұстап, содан бері көптеген күйді үйренді. Қазір кез келген шығарманы кәсіби деңгейде орындайды.
СНХ: ЮРИЙ КОЧЕТЫГОВ, ДОМБЫРАШЫ: 10 жасымда музыкамен айналысқым келді, сонда анам мені музыка мектебіне іріктеуге алып барды. Әртүрлі аспаптарда ойнап көрдім - фортепиано, ұрмалы аспаптар. Кейін анам: «Мүмкін, домбыраны байқап көрерсің?» - деді. Мен байқап көрдім, іріктеуден өттім және сабақ ала бастадым. Алғашқы сабақтардан-ақ маған қатты ұнады. Көп адамдар: «Домбырада бар болғаны екі ішек, еш қиындығы жоқ», - деп айтады. Бірақ бұл мүлде дұрыс пікір емес. Әр аспаптың өзіне тән қиындықтары болады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Сергей Комаровтың жасы 13-те. Назарбаев зияткерлік мектебінде оқиды. Домбырада ойнағанына көп бола қойған жоқ. Құрманғазының «Адайы» сүйікті шығармасы.
СНХ: СЕРГЕЙ КОМАРОВ, ДОМБЫРАШЫ: Музыка сабағында алғаш рет домбыраны қолыма алдым. Мұғалімім менің ыңғайымды көріп, жеке-дара шұғылдануға кеңес берді. Сол кезде шын мәнінде менің қолымнан келетінін түсіндім. Орыс баласының домбыра тартып отырғанын көрген мұғалімдер таңданысын жасыра алмайды. Құрдастарыма да қызық болып көрінетін сияқты. Өйткені менің қатарластарым музыкаға әуес емес. Тіпті музыкалық үйірмелерге де бармайды.
РКС: Сергей Комаров облыстық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарды еншілеп жүрген жас дарын. Болашақта домбырамен шығармаларды орындаудың өзгеше стильдерін меңгергісі келеді. Музыкалық білім алып, келешекте қазақтың киелі аспабымен атымды шығарсам деген бала арманы бар.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ