ДИКТОР: Көкшетаудағы Бәйтерек саябағында Ұлттық Домбыра күніне орай «Dombyra Party» атты мерекелік шара өтті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Шараға домбыраның құлағында ойнайтын өнерпаздар мен қала жастары қатысты. Шара барысында күмбірлеген күйлер орындалып, әсем әндер шырқалды. Домбыра үнімен өрілген бұл кеш жиналған қауымның көңілінен шығып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттырды.

СНХ: ӘЛИ ШАЛМАХОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бүгінгі Домбыра пати өте жоғары деңгейде өтті. Бізге өте ұнады. Өз басым, біздер, домбырашылар осындай шаралардың жиі болғанын қалаймыз. Өнер сүйер қауымның, домбыра үніне құлақ үйреніскенін қалаймыз. Сондай-ақ, бүгінгі шарада ойналған күйлер, шығармалардың барлығы жастарға үйреншікті болғанын қалаймыз.

РКС: Қатысушылар арасында викториналық ойындар ұйымдастырылып, қазақтың төл аспабы - домбыраға қатысты танымдық сұрақтар қойылды. Жастар өздерінің білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты. «Dombyra Party арқылы біз жастардың ұлттық мұраға деген құрметін оятып, олардың бойына рухани құндылықтарды сіңіруді мақсат еттік".-дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: ТЕМІРЛАН МЕҢДІБАЙ, КӨКШЕТАУ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл шараның мақсаты-қазақтың ұлттық мұрасын дәріптеу және келер жас ұрпаққа қазақтың киелі аспабының қадір-қасиетін түсіндіру. Домбыраға деген қызығушылығын ояту. Бұл шараға қаламыздың белсенді жастары қатысуда. Бұл шара әрі қарай да жалғасады. Бұл мереке шілденің алғашқы жексенбісінде тойланады. Осы мерекемен баршаңызды құттықтаймын. Қазақтың ұлттық үні, домбырамыз жасасын.

РКС: Мұндай форматтағы шаралар алдағы уақытта да өткізіліп, өңір жастарының рухани және мәдени дамуына серпін бермек.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ