ДИКТОР: Шомылу маусымы басталғалы облыстың өзен-көлдерінде 12 адам суға батып кетті, арасында кәмелетке толмаған бала да бар. Қарапайым қауіпсіздік ережелеріне құлақ аспай, рұқсат етілмеген жерлерде шомылып, онымен қоса ішімдік ішіп алатындар да кездеседі. Балаларды жағажайларда қараусыз қалдыру да қайғылы жағдайдың орын алуына себепші болған. Құтқарушылар суға шомылу маусымы сақтық пен жауапкершілікті талап ететінін тағы да бір еске салады.
РКС: Шомылу маусымы басталғалы облыс бойынша 12 адам ажал құшты, оның біреуі жасөспірім. Соңғы үш жылда өңірде 51 адамның ажалы судан келді. Өкініштісі, соның 19-ы бала. Ішімдік ішіп алып шомылу, балаларды қараусыз қалдыру және өз күші мен мүмкіндігін асыра бағалаудың салдары осындай жағдайға душар етіп отыр.
СНХ: БАҚЫТ АБЛАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫ: Жаз мезгілінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында департамент тарапынан су айдындарында патруль ұйымдастырылуда. Шомылу маусымында төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін 99 құтқарушы, 20 автокөлік пен құтқару техникасы, 32 жүзу құралы тәулік бойы сапта. Бұдан бөлек, күзетілетін су айдындарында департаменттің құтқару бөлімшелері балаларға жүзу дағдыларын үйрететін арнайы орындар жабдықтады.
РКС: Қайғылы жайттардығ санын азайту мақсатында құтқарушылар әсіресе жазғы лагерьлерде демалып жатқан балаларды жүзуге үйретуде. Арнайы арнайы жүзу бассейндері жасақталған. Сондай-ақ, халық арасында ақпараттандыру жұмыстары да белсенді жүргізілуде.
СНХ: ЗАРИНА ХАМЗИНА, ДЕМАЛУШЫ: Біз тек арнайы белгіленген орындарда ғана демаламыз. Үнемі сақтық танытып, балаларды қадағалап отырамыз. Бұл жерде адам өмірі үшін араша түсетін құтқарушылар да көп.
РКС: Облыс бойынша ресми шомылатын 70-ке жуық орын ашылған. Олардың қатарында коммуналдық және жекеменшік жағажайлар да бар. Бұл жерлерде инфрақұрылым жарақтандырылған. Құтқарушылар кезекшілік етеді. Мамандар тұрғындарға өмірлеріне қауіпсіз демалыс орындарын таңдауға кеңес береді.
ИНТЕРШУМ:
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ