ДИКТОР: Қазақ халқының төл өнерін ұлықтап, дәстүрлі музыкаға деген қызығушылықты арттыру мақсатында қалалық үлгілі кітапхананың ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра - дастан» атты шығармашылық кеш өтті. Шара жас ұрпақты халқымыздың рухани мұрасын құрметтеуге баулиды.
РКС: Домбыра - қазақ халқының төл аспабы ғана емес, ұлттың кие тұтқан, ғасырлар қойнауынан жеткен қастерлі мұрасы. Қос ішектің үнімен тербелген әр күй - ұлы даланың шежіресі, ұрпақтан ұрпаққа жеткен өшпес өнердің белгісі. Осы орайда кітапханаға жиналған ардагер ұстаздар мен кітапхананың тұрақты оқырмандары ұлттық өнерді ұлықтауға арналған мұндай шаралардың өскелең ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтті.
СНХ: ҚАЙЫРКӘМАЛ РӘШИТҚЫЗЫ, АРДАГЕР ҰСТАЗ: Домбыра қазақтың ертеден келе жатқан аспаптарының бірі ғой. Оның үніменен адамның көңіл күйін, мұң қуанышын білдіреді. Даланың табиғатын жеткізген. Домбыраға 4000 жыл болған екен. Оны дәріптеп келген небір ғалымдар бар. Ғалымдардың бірі-Әл Фараби домбыраның үніменен өскен екен. Одан кейін Әміре Қашаубаев. Ол кісі музыкалық әнші. Бүкіл Еуропаға танылған екен домбыраменен. Домбыра үнімен баурап алатынына көзіміз жетіп отыр. Осындай танымды шара өткізіп жатқан кітапханаға үлкен рахмет.
РКС: Кеш барысында дәстүрлі музыкаға сүбелі үлес қосып жүрген өнер иелері күй шертіп, шығармалардың шығу тарихы мен мән-маңызы жайында мағлұматтармен бөлісті.
СНХ: ҚАЙРАТ НҰРМҰХАНОВ, КӨКШЕТАУ БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗЫ: Бүгінгі шара өте жақсы өтті. Домбыраны қадірлеп, осындай шаралар жылда өтіп тұрса екен. Қазқтың қасетті домбырасы өркендей берсін. Өнерлі жастар тек өніп, Қазақтың қара домбырасын биіктен, шыңнан көрсете берсін.
СНХ: МАҒЖАН КӘРІБАЙ, "БАЛҚАДИША"ХАЛЫҚТЫҚ-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: 2018 жылы қазақ елінде ұлттық домбыра күні бекітілді. Ол шілде айының әр бірінші жексенбісінде болып тұрады. Енді біз өзіміз қолымызда домбыра ұстап жүрген, домбыраны дәріптеп жүргендерге бұл үлкен мәртебе. Барша жастарға домбыра күні құтты болсын деймін. Қасиетті домбырамыз әр шаңырақта көрініп дами берсін.
РКС: Домбыраның күмбірі мен әуезді әуені көрермендерді терең тебіреніске бөлеп, шара әсерлі күймен, әсем әнмен жалғасты. Ұлттық домбыра күніне арналған бұл кеш көрермен жүрегіне патриоттық рух пен мәдени мұраға деген құрметті ұялатты.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.